+7 (7172) 611 412 Қоңырауға тапсырыс беру

Сенім телефоны: +7 (7172) 604 070

По проблемным вопросам ЖД перевозок: +7 771 697 83 55

«KTZ EXPRESS» АҚ ЖАРҒЫСЫНЫҢ 12 БАБЫНЫҢ 113 ТАРМАҒЫНЫҢ 11) ТАРМАҚШАСЫНА,  «САМРҰҚ-ҚАЗЫНА» АҚ ТОБЫНА КІРЕТІН ҰЙЫМДАРДЫҢ АРАСЫНДА МӘМІЛЕЛЕР ЖАСАУ ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ 3 ТАРМАҒЫНА СӘЙКЕС  

 

1. «KTZ Express» АҚ Жарғысының 12 бабының 113 тармағының 11) тармақшасына, «Самрұқ-Қазына» АҚ тобына кіретін ұйымдардың арасында мәмілелер жасау ережелерінің 13 тармағына сәйкес, оларды жасауға қатысты «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (2009 жылғы 27 сәуірдегі № 18 хаттама), Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директора кеңесінің шешімімен (2012 жылғы 7 қыркүйектегі №83 хаттама) бекітілген «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы тобының Ішкі кредиттік саясатының 2.3. тармағымен бекітілген ерекше жағдайлар белгіленді, сондай-ақ Кредиттік комитеттің шешіміне (2016 жылғы 11 мамырдағы №10-16 хаттама) сәйкес  «KTZ Express» АҚ Басқармасымен «KTZE-Khorgos Gateway» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қаржылай көмек ұсыну туралы 2015 жылғы 02 сәуірдегі №139-15-ДЭБ шартқа қосымша келісімге «KTZE-Khorgos Gateway» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қол қою жолымен, оны жасауда «KTZ Express» АҚ қызығушылығы бар мәмілелер жасау туралы шешім қабылдады (2016 жылғы 21 маусымдағы хаттама).

2. «KTZ Express» АҚ Жарғысының 12 бабының 113 тармағының 11) тармақшасына сәйкес «KTZ Express» АҚ Басқрамасымен «Continental Logistics» ЖШС, «KTZ Express» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Сбербанк России» АҚ ЕБ мен «Odyssey Investments Group» ЖШС арасында Тиеу-түсіру қызметтерін және келешекте жүктерді сақтау бойынша қызметтерді көрсетудің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 143-АО келісімге № 1 қосымша келісіміне қол қою жолымен, оны жасауда «KTZ Express» АҚ қызығушылығы бар мәмілелер жасау туралы шешім қабылдады (2016 жылғы 21 маусымдағы №10-16 хаттама).

3. «KTZ Express» АҚ Жарғысының 12 бабының 113 тармағының 11) тармақшасына сәйкес «KTZ Express» АҚ Басқрамасымен «Continental Logistics Shymkent» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, «KTZ Express» акционерлік қоғамының, «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Odyssey Investments Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің арасында Тиеу-түсіру қызметтерін және келешекте жүктерді сақтау бойынша қызметтерді көрсетудің келісіміне қол қою жолымен, оны жасауда «KTZ Express» АҚ қызығушылығы бар мәмілелер жасау туралы шешім қабылдады (2016 жылғы 21 маусымдағы №10-16 хаттама).