Инфрақұрылым

Показать все на карте
Құрғақ порт және «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА

KTZE-Khorgos Gateway  құрғақ  порты  қазақстан-қытай  шекарасында,  «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы  экономикалық  аумағының орталығындағы  қазақстандық аумақта  орналасқан. 
Құрғақ порттың жалпы ауданы 102,8 га құрайды, және ол  логистикалық (224,9 га) және  индустриялық (224,6 га) аумақтарға іргелес  орналасқан. Бұл жоба контейнерлерді қабылдауға оңтайлы  жағдай жасап  жасап қана қоймай,   сырттан  әкелінетін тауарларды әрі қарай  өнеркәсіптік өңдеуге жаңа  мүмкіндіктер ашады. Және  АЭА  қатысушылары осы периметр шеңберінде   салық  және  кедендік  жеңілдіктердің толық  кешеніне қол жеткізе алады. 
Khorgos Gateway жол бойы Орталық Азия елдері,  Түркия  және  Парсы шығанағы елдері  арқылы  өтіп,  Қытай мен Еуропаға  дейінгі аралықтағы  нарықты  қамтуға  мүмкіндік беретін  стратегиялық  нысан ретінде  қарастырылады. 

Құрғақ  порттың операторы - «KTZ Express»  АҚ  әлемдегі ең ірі  порт операторының бірі саналатын DP World компаниясымен бірлесіп  басқарып  отырған  «KTZE-Khorgos Gateway»  еншілес  компаниясы. 

DP World компаниясының  мол тәжірибесі  мен  білікті менеджментінің  арқасында KTZE-Khorgos Gateway   тиімділікке,   қауіпсіздікке және қоршаған ортаны сақтауға негізделген   халықаралық стандарттар бойынша  қызмет көрсетіп отырған  әлемдік деңгейдегі   жоба  болып табылады. 

Дамыған  инфрақұрылым Батыс пен Шығыстың арасындағы сауда-экономикалық  қарым-қатынасты дамытуға қолдау болса,  жаңа  логистикалық   шешімдер  «жүк жеткізу тізбегіндегі»   шығыстарды  едәуір   қысқартуға  және  әлемдік нарықтарға  жүк жеткізудің  мерзімін барынша   жеделдетуге  мүмкіндік беруде. 

Khorgos Gateway  еліміздің өңірлік деңгейде дамуына көмектесуде,   және  Жаңа Еуразиялық Экономиканың  қалыптасуындағы Қазақстанның  ролін  арттыруда.


KTZE-Khorgos Gateway  көрсететін қызметтер 

«KTZE-Khorgos Gateway» құрғақ порты – вагон және контейнер операциялары,  жүктерді түсіру  және  тиеу, терминалдық   өңдеу,  қосымша логистикалық сервистер  сияқты түрлі  жүк тасымалдау операцияларын  ұсынатын   мультимодальдық  логистикалық  орталық.  

Операциялық   қызметтерді таратып көрсетер болсақ,  олар: 

Пойыздарды  қабылдау/жөнелту

Ені 1435 мм жолтабанмен жүретін вагондардағы жүктерді  екінші жолтабандағы (1520 мм)  вагондарға  тиеу және керісінше

Автокөлік фураларындағы жүктерді түсіріп-тиеу (КНР – КЗХ, КНР – КЗХ)

Автокөлік құралдарын түсіріп-тиеу (вагоннан вагонға, автокөліктен вагонға)

Контейнер пойыздарын  құрастыру, қоймаларда  және  контейнер алаңында  атқарылатын  операциялар:   жүк тиеу, сұрыптау,  сақтау,  жүкті жөнелту, т.б. 

Қауіпті  жүктерді және  температура  талаптары  қойылатын жүктерді сақтау

Сканерлеу

Салмақ  өлшеу

Теңді буып-түю/теңді шешу

Кедендік амалдардан өту,  сақтандыру,  тәуекелдің барлық түріне кепілдік беру

Khorgos Gateway құрғақ порты контейнерлермен тасымалданатын жүктер,  бүтін-бөлшек тауарлар,  габаритке сыймайтын  жүктер, т.б.  жүк түрлерімен жұмыс істеуге арналған. 

2015  жылғы 29 шілдеде  порт   Қытайдан шығып, ТМД елдеріне қарай бағыт алған  алғашқы  жүк құрамын  қабылдады.   Бүгінгі таңда «KTZE-Khorgos Gateway» ЖШС 14.855 контейнер жүкті түсіріп-тиеді, бұл 24.882 ДФЭ  (жиырма фунттық эквивалент) құрайды. 

таныстыру
Жүктеу
ТолығырақЖинау
Сыртқы терминалдық желі
РФ Мәскеу  облысы Домодедово  қаласындағы орталық құрғақ  порт 
Жалпы ауданы -  60 га: 
 
УСҚ (уақытша сақтау қоймасы) – 6,5 га; 
Контейнер терминалы – 17,8; 
Жабық қойма – 3,8 га; 
Негізгі жүктер (генгруз) терминалы – 6,5; 
Автотұрақ – 9,5 га; 
Т/ж жүк паркі (ТЖ) – 12 га; 
Жолдарды байланыстыратын өткел – 4 га. 
Жүзеге асырылуу мерзімі: 
 
2017-2025 жж. 
Жобаға  қатысушылардың үлесі: 
 
KTZ Express (49%) 
ООО Коалко Девелопмент (51%) 
Жүк  ағымы: 400 мың ДФЭ (ЖФЭ)
 
2017-2019 жж. -  150  мың  ЖФЭ дейін
2020-2021 жж. - 250  мың  ЖФЭ дейін 
2022-2025 жж. – 400  мың ЖФЭ дейін
 
Ағымдағы  жағдай: 
 
ТЭН жобасы   дайын;
«KTZ Express»  мен «Коалко девелопмент» компаниялары арасында ынтымақтастық туралы  келісімге  қол қойылған; 
Жоба корпоративтік процедуралардан  өтуде; 
Алдын-ала 2019-2024  жылдарға  бекітілген  көлем - 238-434 мың ЖФЭ  шамасында;
Құрылыс  жұмыстары үшін  құжаттарды әзірлеудің техникалық  тапсырмасы  да  дайын. 
Ляньюнган портындағы (Қытай)  бірлескен терминал
KTZ Express  қытайлық әріптестермен бірлесе отырып,  Ляньюнган портындағы  қазақстан-қытай  терминалының жұмысын   жүргізеді. 
Ляньюнган  портынан  Қазақстан, Иран, Түркия елдерне,  Орталық Азия   және Еуропа елдеріне   тұрақты  негізде контейнерлік  пойыздар  жүреді. 
Ляньюнган портындағы терминал  қызметтері: 
Жүктерді өңдеу;
Жүктерді түсіру/тиеу;
Жүктерді сақтау; 
Жүктерді топтастыру; 
Жүктерді сату желілеріне  жіктеу (дистрибуция);
Терминалдан жөнелтілетін  контейнерлерді  тіркеу;
Уақытқа сақтау қоймасы қызметі, т.б.

Период реализации:

  • 2017-2025 гг.

Доли участия:

  • KTZ Express (49%)
  • ООО Коалко Девелопмент (51%)

Грузопоток: 400 тыс . ДФЭ

  • 2017-2019 - до 150 тыс. ДФЭ
  • 2020-2021 - до 250 тыс. ДФЭ
  • 2022-2025 – до 400 тыс. ДФЭ

Текущий статус:

  • Разработано пред.ТЭО проекта;
  • Подписаны соглашения о Сотрудничестве между АО «KTZ Express» и ООО «Коалко девелопмент»;
  • Проект проходит корпоративные процедуры;
  • Предварительно подтвержденный объём на период 2019-2024 года составляет 238-434 тыс. ДФЭ;
  • Разработано техническое задание на разработку документации для строительства;
таныстыру
Жүктеу
ТолығырақЖинау
Ляньюнган портындағы (Қытай) бірлескен терминал
KTZ Express қытайлық әріптестермен бірлесе отырып, Ляньюнган портындағы қазақстан-қытай терминалының жұмысын жүргізеді. 
 
Ляньюнган портынан Қазақстан, Иран, Түркия елдерне, Орталық Азия және Еуропа елдеріне тұрақты негізде контейнерлік пойыздар жүреді. 
 
Ляньюнган портындағы терминал қызметтері: 
  • Жүктерді өңдеу;
  • Жүктерді түсіру/тиеу;
  • Жүктерді сақтау; 
  • Жүктерді топтастыру; 
  • Жүктерді сату желілеріне жіктеу (дистрибуция);
  • Терминалдан жөнелтілетін контейнерлерді тіркеу;
  • Уақытқа сақтау қоймасы қызметі, т.б.
таныстыру
Жүктеу
ТолығырақЖинау
Қазақстан әуежайлары желісі
«Airport Management Group» жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі  «ҚТЖ» ҰК» АҚ меншігі саналатын «KTZ Express» АҚ   мультимодальдық кқлік-логистикалық компаниясының құрамына кіреді. 
Астана, Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Шымкент, Қызылорда, Атырау, Павлодар және Ақтөбе   әуежайлары  «Airport Management Group»  ЖШС қарамағына кіреді,    Сеемей және Өскемен әуежайларын  да компанияның қарамағына беру мәселесі    шешілуде. 
Airport Management Group  басқарушы компаниясы  авиациялық  қызметтердің халықаралық   нарығында  қызмет көрсететін,  оның ішінде   жүк  авиатасымалын  ұйымдастырумен  айналысатын бизнес-бірлік ретінде  құрылған.  Компанияның  міндеті -  қазақстандық   әуежайлардың    жағдайын оңтайландыру және    жолаушыларға қызмет көрсету сапасын  арттыру. 
ТолығырақЖинау
Астанадағы терминал-қойма орынжайлары
Жүк  тасымалдау  барысында жанама    қызмет –жақсартылған  және сапалы   терминал-қойма  қызметін ұсыну  үшін 2015 жылдан бері Астанада   жүктерді   ресімдеу,  өңдеу және сақтау  қызмет кешендерін, сонымен   қатар  мультимодальдық  логистика  қызмет түрлерін  ұсынатын  көлік-логистикалық  орталық  жұмыс істей бастады. 
46 га ауданды алып жатқан кешен  халықаралық және республикалық жүк ағымдары үшін,  қалалық және өңірлік тауар жіктелімі   үшін   қойма  және  басқа да жанама  қызмет түрлерін ұсынады. КЛО құрғақ сақтау  қоймасымен (29 300 м2), климаттық  және мұздатқыш қоймаларымен (13300 м2), контейнерлер терминалымен (7 гектар)  және  дистрибуция  орталығымен  (25 000 м2) жарақталған. Қоймада  бір мезгілде  300 мың тонна жүкті өңдеуге  болады,  ал контейнер алаңында  бір сәтте 4 мың  ЖФЭ дейін   жүк орналастыруға  болады (толығырақ  мәлімет http://c-l.kz сайтында берілген). 
Шымкент, Ақтау,  Павлодар,  Қостанай, Семей,  Ақтөбе,  Атырау, Орал  қалаларында көлік-логистика  орталықтарының өңірлік  желісін  кеңейту қолға алынып отыр. 
Әр көлік-логистикалық орталықта А және Б санатты қоймалар, оның ішінде тоңазытқыш қоймалары және құрғақ сақтау режимді қоймалар, көкөніс қоймасы, ашық сақтау және уақытша сақтау қоймалары бар.
Біздің көлік-логистикалық орталықтарымыздың басымдықтарына келер болсақ, олар: 
негізгі автомобиль тас жолдарының ыңғайлы орналасуы;
қоймалардың тәулік бойы жұмыс істеуі;
барлық тауарларды автомобиль магистральдары және темір жолдары бойынша жеткізу;
уақытша және материалдық шығындарды оңтайландыру;
«бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істеу.

Мы расширяем региональную сеть транспортно-логистических центров  в городах Шымкент, Актау, Павлодар, Костанай, Семей, Актобе, Атырау, Орал.

Каждый транспортно-логистический центр включает склады класса А и Б, в том числе холодильные склады и склады сухого режима хранения, овощехранилища, открытое хранение и склады временного хранения.

Преимущества наших транспортно-логистический центров: 

  • удобное расположение основных автомобильных трасс;
  • круглосуточная работа складов;
  • доставка всех товаров по автомобильным магистралям и железной дороге;
  • оптимизация временных и материальных издержек;
  • работа по принципу «одного окна».
Астана КЛО таныстырылымы
Жүктеу
Шымкент КЛО таныстырылымы
Жүктеу
Ақтөбе КЛО таныстырылымы
Жүктеу
ТолығырақЖинау
Ақтау Теңіз Солтүстік терминалы
«Ақтау Теңіз Солтүстік терминалы»   Каспий теңізінің   шығыс  жағалауында  орналасқан және  елімізде қолға алынып жатқан  мультимодальдық  логистикалық тізбектің маңызды   буыны болып табылады.
 
Терминалдың  жалпы ауданы 40 Га алып жатыр, оған құрғақ жүк тиелетін үш айлақ кіреді, оның біреуі – астық тиеуге арналған айлақ болса,  қалған екеуі  жалпы ұзындығы 520 метрге  жететін  әмбебап айлақ,  астық терминалы 60 мың тоннаға  арналған және  оның құрамына контейнерлер алаңы кіреді,  оның ауданы -ауданы 108 текшеметр.
 
Қазіргі таңда  ол  жылына 3,0 млн тоннаға  дейін жүк  түсіріп-тиеу мүмкіндігіне ие  заманау   көпнысанды   терминал:  
Астық жүгі  – жылына 1,5 млн. тонна; 
Қораптағы жүктер (генгруз) – 1,5 млн. тонна,  оның ішінде: 
Металл – жылына 640 мың тонна; 
Басқа жүктер – жылына 620 мың тонна; 
Контейнермен тасымалданатын жүктер – жылына 240 мың тонна. 
 
Көрсетілетін  қызметтер 
 
Терминал жыл он екі ай жұмыс істейді және  төмендегі қызмет түрлерін ұсынады: 
Дәнді дақылдар  тиеу;
Құрғақ жүктерді түсіру/тиеу,  кемелерге кешенді қызмет көрсету;
Ірі тоннажды контейнерлерді, оның ішінде  рефрижератор контейнерлерді сақтау;
Контейнерлерді теңіз,  теміржол және автомобиль көліктерімен жөнелтуге  әзірлеу; 
Кеме  және  бағдарлық  жүк  партияларын  жасақтау;
Сабақтас көліктерден (теміржол және автокөлік) жүктерді түсіру және  тиеу;
Жүктерді қоймаларға жайғастыру;
Коносамент, манифест құжаттарын әзірлеу, түсірілген/тиелген  жүктердің басқа да   жолқұжаттарын ресімдеу;
 
Терминал мүмкіндіктері 
 
Астық терминалы – Каспий теңізіндегі  астық сыйымдылығы 60 000 тоннаны  құрайтын және   кемелерге сағатына  500 тонна өнімділікпен астық тиеу мүмкіндігіне ие  2 теміржол түйығы бар  ірі терминал болып табылады.  Астық  кешені  испандық «SILOS CORDOBA S.L.».  жабдықтарымен жарақталған. 
Ауданы 100 мың шаршыметрден асатын қоймалар  жүктердің,  оның ішінде   ауыр салмақтағы жүктердің де сенімді сақталуын  қамтамасыз етіп,  контейнерлер паркін  тиімді басқаруға мүмкіндік беріп отыр. 
Контейнер терминалы–  бір мезгілде 5000 TEU (ЖФЭ) дейін сақтау мүмкіндігіне  ие.
Үлкен жүктерге арналған терминалда  бір мезгілде 170 000 тоннаға дейін жүк сақтауға болады. 
Контейнер терминалы  жүктерді қабылдап алуға-жөнелтуге, жүктерді түсіруге/қайта тиеуге, кемелерге кешенді   қызмет көрсетуде  басқа да жекелеген операциялар жүргізуге  әзір, оның ішінде:
Ірі тоннажды  контейнерлерді,   оның ішінде рефрижератор  контейнерлерін қысқамерзімдік сақтау, Кеме немесе бағдарлық партиялар  үшін жасақтау арқылы жүктерді теңіз, теміржол және автомобиль көліктерімен  жөнелтуге әзірлеу; 
Контенерлер тасымалдаушы сабақтас көлік түрлерінен (теміржол және  авотмоиль) жүктерді  түсіру/тиеу операциялары ұсынылады. 
«Ақтау Теңіз Солтүстік терминалы»  ұзындығы 150 метрден аспайтын, ені 20 метрге дейін жететін, ал  суға бату көрсеткіші 5,5 метрге  дейінгі   кемелерді  қабылдайды. 
Қатарынан  3 кемеге қатар қызмет көрсетіле алады.  
Жүк операциялары  екі  жүк тиеу кешенінде -  құрғақ жүк  жән астық  тиеу  кешендерінде  жүргізіледі.
 
Техникалық   жарақталу  жағдайы
Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы барлық қорапталған барлық жүк түрін,  үйме жүк  пен контейнермен тасымалданатын   жүктерді түсіріп/тиеуге мүмкіндік беретін  жабдықтарға ие: 
64,0  тоннаға дейін  жүк көтеретін LHM-180 мобильді  краны; 
84,0 тоннаға дейін  жүк көтеретін LHM-280 мобильді  краны;
64,0  тоннаға дейін  жүк көтеретін  LPS-180 порталды толық айналмалы краны – 2 бірлік;
Жүк көтергіштігі 41 тонна, рельспен қозғалатын  және контейнер көтеруге арналған RMG краны; 
Жүк көтергіштігі 41 тонна, пневмоходта қозғалатын  және контейнер көтеруге арналған RTG краны;
Жүк көтергіштігі 2.0 -5.0 тонна, CLARK маркасының айырлы жүк тиегіші – 8 бірлік; 
Жүк көтергіштігі 16.0 тонна, Ferrari маркасының айырлы жүк тиегіші –4 бірлік; 
Жүк көтергіштігі 45,0 тонна, Ferrari маркасының контейнер тиегіші –4 бірлік; 
Ferrari маркасының терминалды ауыр жүк тартқышы (тягач) – 6 бірлік;
Жүк көтергіштігі 60.0 тонна, терминалды  жүк тартқышқа арналған тіркеме– 6  бірлік. 
Коммерциялық ұсыныстарға арналған құжат үлгісі
Жүктеу
Коммерциялық ұсыныстарға арналған құжат үлгісі
Жүктеу
ТолығырақЖинау