+7 (7172) 611 412 Қоңырауға тапсырыс беру

Сенім телефоны: +7 (7172) 604 070

По проблемным вопросам ЖД перевозок: +7 771 697 83 55

«Қорғас» халықаралық шекаралық серктестік орталығының қазақстандық бөлігінде алғашқы инвестицялық нысан ашылды

1-шілдеде «Қорғас» халықаралық шекаралық серіктестік орталығының қазақстандық бөлігінде алғашқы инвестициялық «Самұрық» орталық алаңы» нысаны ашылды.                                    

Оның ашылу салтанатына «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Алматы облысы әкімдігі, Қорғас қаласы халық Үкіметінің өкілдері қатысты.

«Қорғас» халықаралық шекаралық серіктестік орталығы Қазақстан мен Қытай Мемлекет басшыларының шекралық сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени серіктестік орнату бастамашылығынан туындады.

Алғашқы инветициялық нысан ашылуында «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Қанат Алпысбаев сөз сөйледі.

«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА» «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «Бір белдеу- бір жол» қытайлық стратегиялық мақсатына арналған маңызды жобалардың негізі бөлігі саналады»,-деп атап өтті.

Оның айтуынша, «Самұрық орталық алаңы» инвестициялық нысанының ашылуы ҚР мен ҚХР арасындағы сауда экономикалық дамуына ықпал етеді. Еуропа мен Азия арасындағы сауда ағынының, Панфилов ауданының Еуразиялық құрлықтағы Суэцк каналы іспетті міндеті атқаруына мүмкіндік туады.

Қорғас (ҚХР) қаласы партия ұйымының хатшысы Ван Ган Қытайда «Қорғас» МШКОтанымалдығы артып» келе жатқандығын, аспан асты тұтынушыларының бұл өңірге келуінің жиілегендігін атап өтті. Орталықта оның қызметін жетілдіре түсетін нысандар жедел құрылысы жедел жүзеге асырылуда.

Бүгінгі таңда Қытай тарапынан Орталық қызметімен 7,62 млн. адам танысқан болса, қазақстан тарабынан 1,26 млн. адам танысқан.

Алғашқы инвестициялық жоба Цзянсу провинциясы қатысуымен әрі «Қорғас- Шығыс қақпасы» АЭА серіктестігі жүзеге асырылуда. Нысанда 8000 шаршы метрлік екі сауда бөлігі бар. Онда шағын алаңшаларында қазақстандық және шетелдік кондитерлік тағамдар, нан өнімдері, темекі, арақ-шараптарының түр-түрлері қойылған.

«Қорғас» МШКО қазақстандық бөлігінде тағы да 56 инвестициялық нысанды қолға алу жоспарланып отыр. Оның ішінде орталық алаң, қолөнер шеберлерінің қалашығы, Конгресс хол, 4 сауда галереясы, ашық базар, сауықтыру орталығы, сауда алаңы, 3 сауда үйі бой көтереді.

 

 

Анықтама :                                                                                                                                                            

«Қорғас» МШКО қазақстан-қытай бірлескен жобасы болып саналады. Ол Қазақстан мен Қытайдың шекарасының түйіскен тұсына орналасқан. Жалпы аумағы -560 гектар. Орталық екі бөліктен қазақстандық бөлігі -210 гектар, қытайлық бөлігі – 343 гектардан тұрады.

Шекаралық серктсетік аймағын құру Қазақстан мен Қытай және үшінші елдердің  азматтарының шекара маңында еркін қозғалысы мен визалық ресімдеусіз 30 тәуліктік мерзімде жүріп-тұруына арналған.

 «ҚТЖ»ҰК» АҚ Баспасөз қызметі

Поделиться