+7 (7172) 611 412 Қоңырауға тапсырыс беру

Сенім телефоны: +7 (7172) 604 070

По проблемным вопросам ЖД перевозок: +7 771 697 83 55

Бангкокта Қазақстанның транзиттік мүмкіндігі туралы тұсаукесер өткізілді

«ҚТЖ» ҰК» АҚ делегациясы Бангкоктегі  «Қазақстан таи бизнесінің әлеуетті нарығы» форумына қатысты. Таиланд Корольдігінің сауда министрлігі, Тай өнеркәсіп федерациясы, Қазақстанның Таиландтағы елшілігі ұйымдастырған шараға 300-ден астам әртүрлі салалардың кәсіпкерлері қатысуда.

Форум қатысушылары Қазақстан мен Таиланд сауда инвестициялық серіктестігі, Шығыс пен Батыс, Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы транзиттік хабы ретіндегі Қазақстанның көліктік-логистикалық мүмкіндігімен  танысты. Тай ресми тұлғалары және бизнес қауымдастығы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауынан туындаған елдегі бизнес ахуалын жақсарту және сауда-экономикалық, көліктік байланыстардың  жаңа мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.

Форумда Қазақстанның көліктік-логистикалық мүмкіндіктері мен ел аумағы арқылы өтетін халықаралық көліктік дәліздердің әлеуеті көрсетілді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Еуразиялық құрлықтық бағдарда Ляньюньган портында жүктерді шоғырландырудың инфрақұрылымы мен Оңтүстік-Шығыс Азия тұрақты сауда логистикалық серіктестігін дамытуға зор көңіл бөлуде»,-деп атап өтті  «KTZ Express» АҚ атқарушы директоры Сергей Анашкин.

Бүгінгі таңда Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен Қазақстанды жалғайтын Ляньюньган портындағы қазақтан-қытай терминалы, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА  Азия мен Еуропаның әлемдік экономикалық полюстерінің  жүк ағындарын тікелей бағдармен өткізеді.

Осыған байланысты Оңтүстік Шығыс Азия бизнесмендеріне Қытайдан 6 күннен ( Rail Air аралас тасымалы)  16 күнде Батыс Еуропаға (CBT –Container Block Trains) жеткізетін контейнерлік теміржол тасымалын пайдалану ұсынылды.

С. Анашкин Таиланд бизнесмендері мен логистикалық бизнес өкілдерін Жаңа Жібек жолы, сондай-ақ «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА логистикалық және индустриялық жобаларына қатысуға шақырды. Ол екі ел арасындағы сауда әлеуетін кеңейтуге, сонымен қатар Еуразиялық құрлықтағы серіктес елдермен логистикалық қатынастың дамуына ықпал етеді.

Форум соңында тараптардың уағдаластығымен  Қазақстандағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне таи елінің алты сауда инвестициялық делегациясы қатысатын болды. Сондай-ақ олар Қазақстанда бизнес жүргізу мен инвестициялаудың практикалық тәртібімен танысады.

Поделиться