+7 (7172) 611 412 Қоңырауға тапсырыс беру

Сенім телефоны: +7 (7172) 604 070

По проблемным вопросам ЖД перевозок: +7 771 697 83 55

ҚҰРҒАҚ КЕМЕЖАЙ ЖӘНЕ «ХОРГОС – ШЫҒЫС ҚАҚПАСЫ» ЕЭА

«Хоргос-Шығыс қақпасы» ЕЭА  «ҚТЖ» Ұк» АҚ іске асыратын «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясат бағдарламасы объектілерінің бірі болып табылады. 

«Хоргос- Шығыс қақпасы» ЕЭА жобасының бүкіл еуразиялық  континент үшін маңызды мәні бар. «Хоргос- Шығыс қақпасы» ЕЭА Қытай мен Оңтүстік-Шығыс  Азиядан ТМД елдеріне сондай-ақ Еуропаға Парсы шығанағына және басқа да өңірлерге маңызды бағдарлардың қиылысында георграфиялық тұрғыда пайдалы орналасуы,     мультимодальдық логистиканы дамыту үшіг жағдайлардың болуы, ірі өнеркәсіптік өндірістер мен сауданы ұйымдастыру әлемдік деңгейдегі болашағы бар дистрибуциялық орталығы болуға оған мүмкіндік береді. Жетіген – Қорғас және Жезказған – Бейнеу  темір жол желілерімен, Батыс Еуропа - Батыс Қытай автомобиль дәлізімен және Ақтау кемежайымен технологиялық байланысты, Хоргос-Шығыс қақпасы» ЕЭА Қазақстанның дүниежүзілік көлік және сауда жүйелеріне бұдан әрі бірігуін қамтамасыз етеді. 

ЕЭА негізгі басымдықтары:

•        Салық жеңілдіктері (КТС, ҚҚС, жер салығы және мүлікке салық)

•        Кедендік жеңілдіктері

•        Шетелдік азаматтар үшін еңбекке орналасудың ықшамдалған рәсімі.

•        Стратегиялық тұрғыда маңызды орналасуы.

•        Кең нарыққа ашық қолжетімділігі (ЕЭО, ОА, ҚХР, ЕО, Түркия және Парсы шығанағы елдері).

«Хоргос-Шығыс қақпасы» ЕЭА  ортасында Құрғақ кемежай орналасқан. Құрғақ кемежайдың жалпы ауданы 129,8 га құрайды, логистикалық (224,9 га) және  индустриалдық (224,6 га) аймақтармен біріккен. Құрғақ кемежайдың операторы көлемі бойынша үшінші дүниежүзіндегі ірі порттық оператор - DP World бірлесіп басқаруда, «KTZ Express» АҚ еншілес ұйымы - «KTZE-Khorgos Gateway» ЖШС компаниясы болып табылады.

Құрғақ кемежайдың негізгі басымдықтары:

•        Пойыздарды тез өңдеу уақыты.

•        Мультимодальдығы.

•        Жүкті әртүрлі режимдерде де/шоғырландыру мүмкіндігі.

•        DP World стандарттарына сәйкес жүктің қауіпсіздігі мен сақтандығы.

•        Жүктер туралы онлайн режиміндегі ақпарат.

•        Корпоративтік веб-сайтта қолжетімді жүктің/ контейнерлердің фотосуреттерін қоса алып, нақты уақыт режиміндегі ақпарат.

•        Әртүрлі бағыттар бойынша контейнерлік пойыздарды қалыптасыру үшін қызметтер.

•        Контейнерлік пойыздарды қабылдау мен жіберудің тиянақталған онлайн кестесі.

•        Логистикалық және индустриалдық аймақтардың ыңғайлы орналасуымен байланысты, бизнесті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ұсыну.