+7 (7172) 611 412 Қоңырауға тапсырыс беру

Сенім телефоны: +7 (7172) 604 070

По проблемным вопросам ЖД перевозок: +7 771 697 83 55

ТАРИХ

11 қараша 2011 ж.  Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевтың агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерінің республикалық форумында сөйлеген сөзі:

- «Самрұқ-Қазына» ҰӘАҚ бірлесіп Үкіметке ҚТЖ базасында халықаралық деңгейдегі пәрменді көліктік-логистикалық компания құруды тапсырамын. Темір жолдары,  автомобиль жолдары, авиация, басқа да көлік  — бірыңғай орталыққа біріктірілуге тиіс.

2013 жылдың маусым айында «KTZ Express» акционерлік қоғамы құрылды. «KTZ Express» АҚ – оның жалғыз акционері «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ болап табылатын, қатынастардың барлық түрлерінде көлік-логистикалық қызметтердің толық спектрін көрсететін мультимодальдық компания.

2013 жылдың желтоқсан айында «KTZ Express» АҚ Ақтау кемежайынан Иран мен Әзірбайжанның Солтүстік кемежайларына құрғақ жүктерді тасымалдау үшін әрқайсысы  5000 тонна бойынша  дедвейтпен «Бекет Ата» және «Түркістан» құрғақ жүк таситын екі кеме сатып алынды. 

2013 жылғы 7 қыркүйекте  ҚХР Төрағасының Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарының шеңберінде  «ҚТЖ»  ҰК» АҚ Президенті А.Мамин және Ляньюньган қаласы Ұлттық Үкіметі қалалық комитеті ҚКП хатшысы  Ли Цянь Ляньюнган кемежайында терминал құрылысының жобасы бойынша ынтымақтастығы және өзара әрекет ету туралы келісімге қол қойды. Қазіргі уақытта құрылыс 100% аяқталды.

2013 жылғы қаршада Zurich Airport International AG секріктестікте республика әуежайлары жұмысының сапасын, ең жақсы дүниежізілік тәжірибелердің, стандарттар мен технологиялардың трансфертін арттыру, трафикті көбейту, сервис пен қаржылық жағдайын жақсарту, инфрақұрылымды дамыту бойынша жобаны іске асыратын «Airport Management Group» ЖШС әуіежайлар желісін басқару жөніндегі еншілес компания құрылды. Барлығы портфелінде 11 әуежайды (Астана, Көкшетау, Петропавл, Шымкент, Қостанай, Қызылорда, Ақтобе, Атырау, Павлодар, Өскемен, Семей) шоғырландыру болжамдалады.

2014 жылғы 20 ақпанда Баку қ-да (Әзербайжан Республикасы) «Әзербайжан темір жолы» ЖАҚ, «Грузия темір жолы» АҚ, «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ, «Әзербайжан Каспий теңіз кеме шаруашылығы» ЖАҚ, «Ақтау халықаралық теңіз сауда кемежайы» ҰК» АҚ, Баку халықаралық теңіз сауда кемежайы мен «Батуми теңіз кемежайы» ЖШҚ арасында Транскаспийлік халықаралық көлік бағдарын дамыту жөніндегі Үйлестіру комитетін құру туралы келісімге қол қойылды.

2014 жылғы 25 желтоқсанда «Жаңа Индустриализацияландыру: бірінші бесжылдықтың қорытындысы» жалпы ұлттық телекөпірдің шеңберінде Елбасымен «Хоргос – Шығыс қақпасы» ЕЭА Құрғақ кемежайды коммерциялық пайдалануды бастауға рұқсат берілді.

2015 жылғы 15 тамызда вагондарды Атырау, Маңғышлақ, Ақтобе тірек станцияларға дейін бұдан әрі жіберіп,  Алма-Ата-1-Қандыағаш бағдалары бойынша коммерциялық негізінде «Шаттл» пойыздарының жүруін ұйымдастыру.              

2015 жылғы 12 қарашада Астанның көлік-логистикалық орталығымен (КЛО) ұсынылатын мультимодальдық қызмет көрсетудің толық циклын қосу болды.    

2016 жылғы 12 сәуірде Баку қ-да Қазақстанның, Әзербайжан мен Грузияның ірі көлік-логистикалық операторларының өкілдері Халықаралық  Транскаспийлік Көлік Консорциумын құру туралы келісімге қол қойды. Консорциум Қатысушылары: «KTZ Express» АҚ (Қазақстанның мультимодальдық операторы), «ADY Express» ЖШҚ (Әзербайжан операторы), «Транс Кавкасус Терминалс» ЖШҚ (Грузия тарапынан оператор) және «ACSC Logistics» ЖШҚ (Каспий теңізінде паромдық тасымалдау операторы, Әзербайжан).