+7 (7172) 611 412 Қоңырауға тапсырыс беру

Сенім телефоны: +7 (7172) 604 070

По проблемным вопросам ЖД перевозок: +7 771 697 83 55

ТЕРМИНАЛДЫҚ-ҚОЙМА ҮЙ-ЖАЙЛАРЫ

Жүктерді тасымалдау кезінде ілеспе терминалдық-қоймалық қызметтерді жақсы және сапалы ұсыну үшін, 2015 жылдан бастап Астана қ-да жүктерді рәсімдеу, өңдеу және сақтау юойынша қызметтер кешенін, сондай-ақ  мультимодальдық логистиканың кең  ассортиментін көрсететін көлік-логистикалық орталық жұмыс істейді.

КЛО жалпы ауданы 46 га құрайды. Кешен халықаралық және республикалық жүк ағынына, сондай-ақ қалалық және өңірлік тауарларды бөлуге қоймалық және ілеспе қызметтер ұсынады. Құрғақ сақтау қоймаларымен (29 300 м2), климаттық және тоңазытқыш қоймаларымен (13300 м2), контейнерлік терминалмен (7 гектар) және дистрибуциялық орталықпен (25 000 м2) жарақтандырылған. Қойманың жүктерді өңдеу қабілеті – 300 мың тонна, контейнерлік ауднда бір уақытта 4 мыңға дейін ЖФБ орналасуы мүмкін. 

Неғұрлым егжей-тегжейлі ақпарат Астана қ-да КЛО сайтында:  http://c-l.kz/ 

Біз Шымкент, Ақтау, Павлодар, Қостанай, Семей, Ақтөбе, Атырау, Орал қалаларында көлік-логистикалық орталықтарының желісін кеңейтіп жатырмыз. 

Әр көлік-логистикалық орталыққа А және Б сыныпты қоймалар, оның ішінде тоңазытқыш қоймалары және құрғақ сақтау режимінің қоймалары, көкөніс қоймасы, ашық сақтау және уақытша сақтау қоймалары кіреді.

Біздің көлік-логистикалық орталықтарының басымдықтары: 

  • негізгі автомобиль тас жолдарының ыңғайлы орналасуы;
  • қоймалардың тәулік бойы жұмыс істеуі;
  • барлық тауарларды автомобиль магистральдары және темір жолдары бойынша жеткізу;
  • уақытша және материалдық шығындарды оңтайландыру;
  • «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істеу.