+7 (7172) 611 412 Қоңырауға тапсырыс беру

Сенім телефоны: +7 (7172) 604 070

По проблемным вопросам ЖД перевозок: +7 771 697 83 55

ТХКБ

 

Транскаспий Халықаралық Көлік Бағдары (ТХКБ) Қытай, Қазақстан, Каспий теңізінің акваториясы, Әзербайжан, Грузия, Түркия, Украина және Еуропаның басқа да елдері арқылы өтеді. 

ТХКБ жаһандық логистикалық жобасы соңғы тұтынушыға дейін жүктерді қатаң белгіленген мерзімде жеткізуге мүмкіндік береді. Тауарлармен контейнерлер ұзындығы 9 мың километр бағдарды 14 тәулікте өтеді.  

Бағдарда темір жол және теңіз компанияларының, сондай-ақ жоба қатысушылары мемлекеттердің паромдық операторларының арасында өзара әрекет етудің мүлтіксіз технологиясы енгізілді және табысты апробацияланды.


Жүк жіберушілер мен логистикалық компаниялар үшін, «Nomad Express» жүйелі, жылдамдықты, контейнерлік сервис құрылды, онда тура тарифтік мөлшерлемелер қолданылады. Nomad Express Ұлы Жібек жолының «Алтын дәуірін» тірілтіп, Қытайдан Ескі жер жүзі елдеріне дейін мерзімінде жүктеді жеткізеді.