Компания туралы

Біз туралы

«KTZ Express» АҚ – мультимодальдық көлік-логистикалық компания болып табылады, «ҚТЖ» ҰК» АҚ - компанияның 100% акционері.

 «KTZ Express» АҚ қатынастың барлық түрі бойынша көлік-логистикалық қызметтің барлық спектрін ұсынады, айлақтар мен аэропорт инфрақұрылымдарын, қоймалар желісін және терминалдарды пайдалана отырып, теміржол, теңіз, авиа және автокөлік тасымалдарымен ықпалдасып жұмыс істейді.

«KTZ Express» АҚ ішкі және халықаралық нарықта келісімшарттық логистика қызметін ұсынатын, жүк жеткізуді және жүк жеткізудің «есіктен есікке дейін» логистикалық тізбегін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін, оған қоса «ҚТЖ» ҰК» АҚ қарасты барлық компаниялар тобының көлік-логистикалық қызметтерін «бір терезе» режимінде сататын орталық болып саналады. Және «ҚТЖ» ҰК» АҚ мультимодальдық холдингінің вагон және контейнер паркін басқарумен айналысады.

«KTZ Express» АҚ Қытай мен Еуропадағы жүк ағымдары қордаланатын негізгі нүктелерден 12-15 күн мерзімде және 15 халықаралық бағытта жүк жеткізу үшін Қытай- Еуропа-Қытай бағыты бойынша тұрақты контейнерлік сервис ұсынады

«KTZ Express» АҚ 6-7 күн мерзімде теміржолмен және авиакөлікпен жүк жеткізудің Қытайдан Еуропаға бағытталған мультимодальдық логистика сервисін ұсынады.

«KTZ Express» АҚ климаттық режим сақтайтын арнайы контейнерлер паркіне ие және айрықша температура режимін талап ететін жүктерді әлемнің кез-келген жеріне төрт маусымда жеткізу қызметін ұсынады

«KTZ Express» АҚ - «KTZ Express Shipping» ЖШС ұлттық кеме қатынасы компаниясына 100% иелік етеді. Компанияның активінде Каспий және Қара теңіздерінде жүзіп жүрген дедвейті 5 мың тонналық «Бекет Ата» және «Түркістан» кемелері мен 7 мың тонналық «Жібек жолы» және «Атамекен» кемелері бар.
«KTZ Express» АҚ сондай-ақ, Қазақстанның әуежайларын да басқарады.

Астана, Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Павлодар құрылған. Компанияның алға қойған міндеті - қазақстандық әуежайлардың қазіргі жағдайын оңтайландыру және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру.

«KTZ Express» АҚ ішкі және сыртқы терминалдық желіні дамыту жөніндегі кең көлемді жобаны іске асыруда. Бүгінгі таңда Астана қаласында көлік-логистикалық орталықтың (КЛО) құрылысы аяқталып келеді, жылдың соңына дейін Шымкенттегі КЛО құрылысы аяқталмақ. Оған қоса Ақтөбе, Өскемен және Ақтау қалаларында да КЛО құрылысы жоспарланып отыр.

Терминалдық инфрақұрылыммен айналысатын халықаралық оператор- DP World компаниясымен бірлесіп «KTZ Express» АҚ «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын басқаруда. Қорғас-Шығыс қақпа арнайы экономикалық аумағындағы құрғақ порт терминал-қойма қызметтерін ұсынады.

«KTZ Express» АҚ Қытайдың Ляньюнган портындағы жалпы ауданы 22 га алып жатқан қазақстан-қытай терминалының жұмысын жүргізеді. Бұл терминал Қазақстаннан әкелінетін және елге тасымалданатын жүк ағымдары қордаланатын негізгі бекет, Орталық, Оңтүстік-Шығыс Азия, сондай-ақ Қытайдың ішкі порттарынан тасымалданатын және кері бағытта жеткізілетін жүктер қайта тиелетін негізгі транзиттік порт болып табылады. 

ТолығырақЖинау
Тарих

2011 жылғы 11 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық форумында сөйлеген сөзінде:

 - «Үкіметке «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорымен бірлесіп ҚТЖ компанияының базасында халықаралық деңгейдегі қуатты көлік-логистикалық компаниясын құруды тапсырамын. Темір жолдар, автокөлік жолдары, авиация, басқа да көліктер - бір орталыққа біріктірілуі тиіс», деген болатын.

2013 жылдың маусым айында: «KTZ Express» АҚ құрылды.

2013 жылдың желтоқсанында: «Бекет ата» және «Түркістан» кемелері сатып алынды.

2013 жылдың 7 қыркүйегінде: Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясына, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Президенті А.Мамин мен Ляньюньган қаласы Халық Үкіметі қалалық комитетінің ҚКП хатшысы Ли Цянь мырза Ляньюнган портында терминал құрылысын салу жобасы бойынша ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойды. Бүгінгі таңда терминал құрылысы 100% аяқталған.

2013 жылдың қараша айында: әуежайлар желісін басқаратын еншілес компания - «Airport Management Group» ЖШС құрылды.

2014 жылғы 25 желтоқсанда: «Жаңа Индустриализация: бірінші бесжылдықтың қорытындысы» жалпыұлттық телекөпірі аясында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аумағының Құрғақ портын іске қосты.

2015 жылғы 12 қарашада: Астана көлік-логистикалық орталығы (КЛО) ұсынатын мультимодальдық қызмет көрсетудің толық циклі іске қосылды.

201 жылғы 12 сәуірде: құрамына «KTZ Express» АҚ (Қазақстан), «ADY Express» ЖШҚ мен «ACSC Logistics» ЖШҚ (Әзірбайжан), «Транс Кавкасус Терминалс» ЖШҚ (Грузия) кіретін Халықаралық транскаспий көлік консорциумы құрылды.

ТолығырақЖинау
Басшылық

Руководство

Манарбек Ермекұлы Тулегенов

 «KTZ Express» АҚ бас директордың орынбасары

Туған жылы: 24.08.1987 жыл.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматы

Білімі (негізгі және қосымша білімі):

– Еуропа  УниверситетіХалықаралық бизнестегі MBA ;

– ҚМЭБИ.

Жұмыс тәжірибесі:

Жұмыс тәжірибесі:

2010 – 2015 жж.

 

 “Қазақстан темір жолы” ҰК» АҚ қаржы департаментінің несиелеу және қарыздарды мониторингтеу бөлімінің бастығы;

2015 - 2017 жж.

 

“KTZE – Khorgos Gateway” ЖШС стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары;

2017 ж.

 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың - «Бизнесті трансформациялау орталығы» филиалы Бағдарламаларды басқару блогының бас менеджері;

2017-2018 жж.

 

«Kaz-Z Rail Logistics» ЖШС Жаңа жобаларды дамыту жөніндегі директордың орынбасары;

2018 жылдан бері

 «KTZ Express» АҚ бас директордың орынбасары.

Айгуль Аблайқызы Тусупова

«KTZ Express» АҚ Логистика жөніндегі бас директордың орынбасары

Туған жылы: 30.06.1971 жыл

Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматы.

Білімі (негізгі және қосымша білімі):

– Алматы теміржол көлігі инженерлері институты;

– Қазақ гуманитарлық-заң университеті

Жұмыс тәжірибесі:

1993-1994 жж.

 

– Ақтөбе станциясының еңбекті ұйымдастыру және мөлшерлеу жөніндегі инженерi;

1994-1997 жж.

 

– Ақтөбе станциясының кірме жол бойынша инженерi;

1997-1998 жж.

 

– «ҚТЖ» РМК-ның  «Желдорэкспедиция» ЕМК тарифтер есебі бөлімінің бас маманы;

1998-1999 жж.

 

– «ҚТЖ» РМК ДЦФТО Ақмола филиалдың еңбекті мөлшерлеу бөлімінің бастығы;

1999–2004 жж.

 

– «ҚТЖ»ҰК» АҚ-тың «Казтранссервис» АҚ ҚТЖ РМК ЦФТО ЕМК контейнерлік тасымалдар ды ұйымдастыру бас маманы;

2004–2005 жж.

 

– АО «Казжелдортранс» АҚ-тың Ақтөбе филиалдың көліктік-экспедициялық сектордың бастығы;

2005–2010 жж

 

– «ҚТЖ»ҰК»  АҚ -тың «Процессингтеу орталығы» Ақтөбе филиалдың РОПЦ бастығы;

2010–2011 жж

 

– «ҚТЖ»ҰК»  АҚ -тың «Процессингтеу орталығы» филиалдың Директордың орынбасары;

2011–2013 жж

 

– «ҚТЖ»ҰК»  АҚ -тың «Тасымалдар үшін есеп айырысулар мен процессингтеу дирекциясы» филиалдың директорының орынбасары;

2013–2015 жж

 

– «Қазтеміртранс» АҚ-тың «Вагон операторы қызметтері орталығы»филиалдың жүк вагондары операторының қызметтерін сату (жүк тасымалдары үшін есеп айырысу) филиалы директорының орынбасары;

2015–2016 жж

 

– «СТК ОЮЛ «Kazlogistics» Бас директордың орынбасары;

2017–2018 жж

 

– ««ҚТЖ»ҰК»  АҚ -тың «Магистралдық желі дирекциясы» филиалдың тасымалдау процесін үйлестіру департаментінің директоры;

2018 жылдан бері

 

– «KTZ Express» АҚ Логистика жөніндегі бас директордың орынбасары.

Муратбек Айбекұлы Исабаев

«KTZ Express» АҚ Қаржы мәселелері жөніндегі бас директордың орынбасары

Туған жылы: 02.12.1980 жыл

Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматы.

Білімі (негізгі және қосымша білімі):

– ЕҰУ Л. Н. Гумилев атындағы «мемлекеттік және муниципалды үкімет» - «экономист - неміс тілін білетін менеджер»;

– MAB «Менеджмент» «MBA іскер әкімшілдік магистрі»;

– Cambridge Regional College “Business and finance”.

Жұмыс тәжірибесі:

2004-2005;

 

– ҚТЖ» ҰК »ЖАҚ инвестициялық саясат бөлімінің бастығы;

2005 ж.

 

– ОЮЛ «Ассоциация Локомотив Сервис» сараптамалық бөлімінің бастығы;

2005-2008 жж.

 

– «Локомотив-2030» ЖШС бас директорының орынбасары;

2011 ж. айларында

 

– ТОО «Казахстан ТЖ-Ансальдо СТС» қаржы директоры және «ҚТЖ» ҰК »АҚ қаржы департаменті директорының орынбасары;

2011-2013 жж.

 

– ТОО «Ремонтная корпорация «Камкор» бас директордың орынбасары;

2013-2015 жж.

 

– ҚТЖ» ҰК »АҚ қаржы департаментінің директоры;

2015-2016 жж.

 

– «ҚТЖ» ҰК »АҚ қаржы және инвестициялық саясат департаментінің директоры;

2016-2017 жж.

 

– «ҚТЖ» ҰК »АҚ қаржы департаментінің директоры;

2017-2018 жж.

 

– «ҚТЖ» ҰК »АҚ Қазынашылық департаментінің директоры;

2018 ж сәуір айынан бері

 

– «KTZ Express» АҚ Бас директордың орынбасары.

Анашкин Сергей Сергеевич

«KTZ Express» АҚ маркетинг және стратегиялық жоспарлау жөніндегі бас директордың орынбасары

Білімі (негізгі және қосымша білімі):

– Д.Қонаев атындағы университеті, «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша;

– Қазақтың М.Тынышбаев атындағы Көлік және коммуникация академиясы жанындағы Кәсіби біліктілікті жетілдіру институты, «Көлік логистикасы» пәні бойынша аттестация (2005ж.);

– Kunhe Logistics University (Германия) көлікті басқару жөніндегі корпоративтік курс (2012 ж.).

Жұмыс тәжірибесі:

2003 жылдың қазан айынан бастап

 

– ҚР Халықаралық автокөлік тасымалдаушылары одағында (КазАТО) менеджер;

2006-2008жж.

 

– Сыртқы экономикалық қызмет және жер қойнауын игеру саласындағы коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтер;

2008-2010 жж.

 

– ТРАСЕКА үкіметаралық комиссиясының тұрақты хатшылығында («Еуропа-Кавказ-Азия» көлік дәлізі, штаб пәтері – Баку, Әзірбайжан Республикасы) жер үсті көліктері сарапшысы, құқықтық және институционалдық мәселелер жөніндегі сарапшы; сарапшылар тобының жетекшісі.

2010-2012 жж.

 

– «Өңірлік даму және менеджмент зерттеу орталығы» ҚБ басшысы, USAID Сауда-саттықты ырықтандыру және кедендік реформа жөніндегі өңірлік жобасының кеңесшісі, «GRATA» заңгерлік фирмасы салық департаментінің кеңесшісі;

2012-2013 жж.

 

– «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ логистикалық блогында – «Көліктік логистиканы дамыту орталығы» компаниясында атқарушы директор, вице-президент, транзиттік тасымал басқармасының бастығы;

2013 жылдың шілде айынан бері

 

– «KTZ Express» АҚ вице-президенті

Нұрлан Кенжешұлы Игембаев

«KTZ Express» АҚ бизнесті дамыту жөніндегі бас директордың орынбасары

Туған жылы: 03.08.1984 жылы.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматы

Білімі (негізгі және қосымша білімі):

– Қазақтың М.Тынышбаев атындағы көлік және коммуникация академиясы, KazATK (2007 ж.);

– Мәскеу мемлекеттік қол қатынастары университетінің (МИИТ) аспирантурасы, диссертация қорғаған, Ресей т.ғ.к. ғылыми атағы бар (2010 ж.);

– «Aurora University» (IL, USA) университеті, Іскерлік басқару магистрі (MBA) (2015 ж.);

– Корольдік логистика және көлік институтында аккредителген сарапшы-кеңесші, Ұлыбритания (2016 ж.); The Chartered Institute of Logistics and Transport» халықаралық сертификатына ие.

Жұмыс тәжірибесі:

2007 жылдан бастап

 

– Қазақ көлік және коммуникация академиясында еңбек жолын бастаған;

2008-2011 жж.

 

– Мәскеу мемлекеттік қол қатынастары университетінде (МИИТ) жетекші инженер;

2015-2017 жж.

 

– Қазақтың М.Тынышбаев атындағы көлік және коммуникация академиясында (KazATK) «Тасымалды ұйымдастыру және логистика» факультеті деканы, «Логистика және басқару» факультетінің деканы;

2017 жылдың мамыр-қазан айларында

 

– Chartered Institute of Logistics & Transport in Kazakhstan» (CILT) ЖШС бас директоры қызметін қоса атқарған;

2017 жылдың мамыр-қыркүйек айларында

 

– «KTZ Express» АҚ жаңа жобаларды дамыту жөніндегі вице-президенті;

2017 жылдың қараша айынан бері

 

– «KTZ Express» АҚ бизнесті дамыту жөніндегі вице-президенті.

Серик Казбекұлы Толебаев

«KTZ Express» АҚ бас инженері

Туған жылы: 08.02.1972 жыл

Білімі (негізгі және қосымша білімі):

– Алматы энергетикалық институты АЭИ (1994 ж.)

Жұмыс тәжірибесі:

1994 ж.

 

– ПОНАБ электромеханигі «ҚТЖ» РМК филиалы - Шудың сигнал беру және байланыс дистанциясы;

1994-1998 жж.

 

– ПОНАБ аға электромеханигі «ҚТЖ» РМК филиалы - Шудың сигнал беру және байланыс дистанциясы;

1998-2000 жж.

 

– «ҚТЖ» РМК филиалы - Шудың белгі беру және байланыс бас дистанциясының директорының орынбасары;

2000 жж.

 

– «ҚТЖ» РМК филиалы - Негізгі сигнализация және байланыс бөлімшесі, ПОНАБ, радио және байланыс бөлімінің бастығы;

2001ж.

 

– «ҚТЖ» РМК филиалы - Негізгі сигнализация және байланыс бөлімшесі, қайта құрылымдау, инвестициялар және техникалық саясат департаменті, Инвестициялық-техникалық саясат бөлімінің бастығының орынбасары;

2001-2002 жж.

 

– «ҚТЖ» РМК филиалы «Көлікті басқаруды орталықтандыру» Филиалдың басшысы;

2002-2003 жж.

 

– ««ҚТЖ» ҰК »ЖАҚ байланысын ақпараттандыру және дамыту департаментінің телекоммуникациялар жобалары басқармасының бастығы;

2003-2004 жж

 

– «ҚТЖ» ҰК »АҚ Ақпараттандыру департаменті Ақпараттық-есептеу желісі басқармасының бастығы;

2004-2005 жж.

 

– «ҚТЖ» ҰК »АҚ филиалы «Магистральдық желі дирекциясы», Белгі беру және байланыс департаменті,  байланыс жөніндегі директордың орынбасары;

2005-2006 жж.

 

– «ҚТЖ» ҰК »АҚ филиалы СЦБ, байланыс және ақпараттық технологиялар департаменті, байланыс және СПД директорының орынбасары;

2006-2007 жж.

 

– ««ҚТЖ» ҰК »АҚ филиалы, СЦБ, байланыс және ақпараттық технологиялар департаменті, Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі директордың орынбасары;

2007-2008 жж.

 

– «ҚТЖ» ҰК »АҚ филиалы «Магистральдық желі дирекциясы» бас инженері;

2008-2009 жж.

 

– – «ҚТЖ» ҰК »АҚ филиалы «Магистральдық желі дирекциясы» Байланыс және ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары;

2009-2011 жж.

 

– «ҚТЖ» ҰК »АҚ филиалы «Магистральдық желі дирекциясы» телекоммуникациялар бойынша директорының орынбасары;

2011-2013 жж.

 

– «ҚТЖ» ҰК »АҚ филиалы -« Ақпараттық технологиялар дирекциясы» директоры;

2013-2016 жж.

 

– «ҚТЖ» ҰК »АҚ басқарушы директоры - бас инженері;

2016-2017 жж.

 

– «Транстелеком» АҚ, Темір жол жобаларын дамыту жөніндегі вице-президент;

2017-2018 жж.

 

– «ҚТЖ» ҰК »АҚ автоматтандыру және цифрландыру дирекциясының директоры;

2018 ж.

 

– «KTZ Express» АҚ бас инженері

ТолығырақЖинау
Корпоративтік басқару

ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылаудың корпоративтік жүйесі «KTZ Express» АҚ бизнесінің ажырамас бөлшегі болып саналады және стратегиялық мақсат-міндеттерді табысты жүзеге асыруда шешуші мәнге ие болып табылады.

«KTZ Express» АҚ-ның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау корпоративтік жүйесі нәтижелі жұмыс істеу үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ Компаниялар тобындағы талаптар мен қызмет ерекшелігі ескеріле отырып тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі базалық әдістемелік құжатты қолданысқа енгізу жөніндегі ауқымды жұмыс жүргізілді.

«KTZ Express» АҚ тәуекелдері үнемі жаңартылып отыратын Тәуекелдер регистрінде көрсетілген. Және Регистрде көрсетілген әрбір фактордың жүзеге асу ықтималдығы мен себеп-салдар деңгейіне баға беріліп отырады.

Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі «KTZ Express» АҚ-ның Тәуекелдерді басқару саясатына сәйкес барлық ұйымдастыру деңгейінде шешім қабылдау процесін қолдайды. 

KTZ Express Корпоративтік басқару кодексі
Жүктеу
KTZ Express Жарғысы
Жүктеу
KTZ Express Жарғысына өзгертулер енгізу, 16.03.2017
Жүктеу
KTZ Express Жарғысына өзгертулер енгізу, 21.08.17
Жүктеу
Тәуекелдерді басқару саясаты
Жүктеу
Ішкі бақылау жүйесі туралы ереже
Жүктеу
ТолығырақЖинау
Бос қызмет орындары

«KTZ Express» акционерлік қоғамының орталық аппаратында әкімшілік персоналы бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау - конкурстық іріктеу негізінде жүзеге асырылады.

Конкурстық іріктеу рәсімі басталғанға дейін, 10 күнтізбелік күннен кем емес мерзімде, конкурстық іріктеу туралы хабарландыру web- сайтқа орналастырылады.

2016 жылғы 28 сәуірдегі Басқарма шешімімен бекітілген (Хаттама №02/4) «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында және оның еншілес ұйымдарында кейбір лауазымдарға жұмысқа қабылдау мен ауыстыру ережелерінің 3-қосымшасында көрсетілген үлгі бойынша, қатысуға тілек білдірушілер түйіндемелерін жолдайды.

Правила приема и перевода на некоторые должности АО НК КТЖ и его дочерних организациях, утвержденные решением Правления АО НК КТЖ от 28.04.2016 г..pdf
Жүктеу
Образец резюме кандидата.docx
Жүктеу
ТолығырақЖинау