Қызметтер

  • Контейнер сервисі

    Контейнер сервисі

    Біз ауқымды инфрақұрылымдық дамуды қамтамасыз етіп қоймай, жаңа қуаттарды да кеңейтіп жатырмыз. 

    Действующие маршруты

    Новые маршруты

    Телефон для справок

    Эл. почта:

    ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫ АРҚЫЛЫ ЖҮК ТАСЫМАЛДАУДЫҢ ТҰРАҚТЫ КОНТЕЙНЕР СЕРВИСІ 
     
    Біз ауқымды инфрақұрылымдық дамуды қамтамасыз етіп қоймай, жаңа қуаттарды да кеңейтіп жатырмыз. 
    Бүгінгі таңда Қытайдың 17 провинциясында, Вьетнам, Корея, Еуропа және Паршсы шығанағы елдерінде жұмыс істеп жатқан біздің Компания, тұрақты контейнер сервисін белсенді ұсынуда. 
    Біз клиенттерге жүк жеткізудің бәсекеге қабілетті мерзімін ұсынып отырмыз. Мысалы, Қытай провинциясыларынан тиелетін жүк Еуропаға 9-15 күннің ішінде, Орталық Азия және Ресей елдеріне орта есеппен – 6-8 күнде жеткізіледі. 
    Оған қоса, Қытай, Иран, Ұлыбритания, Түркия арасын байланыстыратын және Қазақстан арқылы өтетін жаңа бағыттар да игерілуде. 
    «Шығыс-Батыс», «Солтүстік-Оңтүстік» дәліздерін және Транскаспий бағытын дамыту жөніндегі альянстар аясында біз әріптестермен бірлесіп, транзиттік бағыт бойында кездесетін кедергілерді азайту және бәсекеге қабілетті аралық тарифтер әзірлеу мәселелерін шешудеміз. 
    2016 жылы Қытай-Еуропа-Қытай бағытында контейнер тасымалының көлемі шамамен 105 мың ЖФЭ (1212 контейнер пойызы) құраған (жоспарланған көрсеткіш - 94,6 мың ЖФЭ (1100 контейнер пойызы). Бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 49,9 мың ЖФЭ (581 контейнер пойызы) екі есе жоғары. 
    Ал Еуропадан Қытайға қарай кері бағытта жүк тиеу көрсеткіші 2016 жылы 50 % қамтамасыз етілген (ҚХР-ЕО бағытындағы 70 174 ЖФЭ, 808 контейнер пойызы жөнелтілсе, ЕО-ҚХР бағытында 34 391 ЖФЭ, 404 контейнер пойызы жөнелтілген). 
    2017 жылдың соңына дейін жоспарланған көрсеткіш - 195 мың ЖФЭ шамасы.
  • Мультимодальдық тасымалдар

    Мультимодальдық тасымалдар

    Біз теміржол, автомобиль, теңіз және әуе көліктерін, теңіз айлақтары мен әуежайлардың инфрақұрылымдарын, терминалдар мен қойма желілерін пайдалана отырып мультимодальдық тасымалдар, сонымен қатар жүк тиеу операцияларын ұйымдастырамыз. 

    Действующие маршруты

    Новые маршруты

    Телефон для справок
    61-13-41 (вн. номер 191)

    Эл. почта:

    Біз теміржол, автомобиль, теңіз және әуе көліктерін, теңіз айлақтары мен әуежайлардың инфрақұрылымдарын, терминалдар мен қойма желілерін пайдалана отырып мультимодальдық тасымалдар, сонымен қатар жүк тиеу операцияларын ұйымдастырамыз. 
    KTZ Express «есіктен есікке дейін» жүк жеткізілімін қамтамасыз етеді және жүк жеткізудің тиімді логистикасын ұйымдастырады. 
     
    KTZ Express теміржол және авиакөліктерімен (Rail-Air) Қытайдан Еуропаға дейін Қазақстан арқылы 7-8 тәулікте жүк тасымалдаудың кешенді қызметін ұсынады. 
  • Автотасымалдау

    Автотасымалдау

    Автотасымалдау – көлік қызметтерінің ең көп сұранысқа ие түрі. Басқа көлік түрлерімен салыстырғанда автотасымалдау ең тиімді тасымал түрі. 

    Действующие маршруты

    Новые маршруты

    Телефон для справок
    61-13-54 (вн. номер 493)

    Эл. почта:

    Автотасымалдау – көлік қызметтерінің ең бір талап етілген түрі. Автотасымалдау өзге көлік түрлерімен жүктерді жеткізумен салыстыру бойынша ең пайдалы. 

    Басымдықтары:

    • Максималды тасымалдау жылдамдығы
    • Тиеу-түсіру жұмыстарының қысқа мерзімі 
    • Құрамалы жүктерді автокөліктің қатысуынсыз тасымалдау мүмкін емес 
    • Автотасымалдау процессін бақылаудың оңайлығы
    • Автотасымалдау процессін бүкіл жүру жолының бойында тұрақты бақылау 
    • Шекараны өту жеделдігі
    • Жүктің көтеріңкі қауіпсіздігі

    Біз бүгін Қазақстан, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша кез келген күрделі автотасымалдауды орындауға қабілеттіміз. 

    Біз бұл саладағы соңғы тенденцияларды тұрақты қадағалаймыз және клиент үшін максималды ыңғайлықпен ішкі жіне халықаралық тасымалдауды орындаймыз. Біздің компанияда автотасымалдауды жүзеге асыратын жоғары білікті мамандар еңбек етеді. Біз сізге автасымалдаудың қауіпсіздігіне және жүктердің сақтандығына кепіл бере аламыз. 

    KTZ Express АҚ автомобильдік тасымалдауы бұл:

    • Қазақстан аумағы бойынша тасымалдау;
    • Еуропа, ТМД, Түркия мен қытай елдерінен импорттық, солай және экспорттық режимде халықаралық тасымалдау;
    • Қазақстанның, Ресейдің, Белорусьтің және Балтия елдерініңжетекші тасымалдаушы-компанияларымен тығыз ынтымақтастығы, ол Компанияға үлкен тасымалдау көлемін көздейтін келісім-шарттар бойынша міндеттемелерді жоғары деңгейде орындауға мүмкіндік береді.  

    Пайдаланылатын көлік – көп тонналы автомобильдер мен автопойыздар, қалқаланған және рефрижераторлық жартылай тіркемелер, шағын жүк көтергіш автомобильдер мен ауқымды емес платформалар.

  • Теңіз арқылы тасымалдау

    Теңіз арқылы тасымалдау

    Біздің компания ұйымдастыратын теңіз арқылы халықаралық тасымалдау –жүктер мен тауарларды кез-келген қашықтыққа жеткізудің үздік жолы. 

    Действующие маршруты

    Новые маршруты

    Телефон для справок
    61-15-18 (вн. номер 425 )

    Эл. почта:

    Біздің компания ұйымдастыратын теңіз арқылы халықаралық тасымалдау –жүктер мен тауарларды кез-келген қашықтыққа жеткізудің үздік жолы. 
    «KTZ Express» АҚ Сізге керек кез-келген нүктеге тауардың барлық санатын теңіз арқылы үнемді, жедел және сенімді жеткізілуін ұйымдастыра алады. 
    Теңіз арқылы жүк тасымалдауға тапсырыс беретін біздің клиенттерімізге Ақтау, Құрық теңіз айлақтарында жүктерді түсіру/тиеу, порттарда тауарларды сақтау мүмкіндіктері қоса ұсынылады. 
    Жүктерді теңіз арқылы тасымалдау құрамдастырылған тізбектің бір бөлшегі болса, портта сіздің жүгіңізді кемеден екінші көлікке тиеп беруге мүмкіндігіміз бар. 
    Барлық құжатты ресімдеу; жүкті бастан-аяғына алып жүру; қозғалыстың барлық кезеңінде тасымал барысын бақылау; келісілген мерзімді сақтау; жүктің сақталуына жауап беру. 
    Клиенттің тапсырысы бойынша теңіз арқылы халықаралық жүк тасымалдау барысында  көрсетілетін қосымша қызметтер: жүкті сақтандыру және экспедитор жауапкершілігі; порттағы экспедитор қызметі; кедендік ресімдерден өтуге көмектесу; габариттік емес жүктермен жұмыс істеу; кез-келген ультимодальдық жеткізілімді ұйымдастыру.
    Мультимодальдық тасымалдау және теңіз арқылы жүк тасымалдау тізбегін жасау мақсатында  «KTZ Express» АҚ 2014 жылы өз кеме компаниясын - «KTZ Express Shipping» ЖШС құрған. 
     
    «KTZ Express Shipping» ЖШС елімізде меншігінде құрғақ жүк тасымалдайтын кемелер бар жалғыз компания болып табылады. 
    Қазіргі таңда «KTZ Express Shipping» ЖШС дедвейті 5 мың тонналық «Бекет Ата» және «Түркістан» кемелері мен 7 мың тонналық «Жібек жолы» және «Атамекен» кемелеріне иелік етеді. 
    Каспий, Қара теңіз, Жерорта және Мәрмәр теңіздерінде жүзіп жүрген бұл қазақстандық кемелер габариттік емес жүктер, астық, металл, металл құбырлар, т.д.жүктерді Ақтау порты-Иранның солтүстігіндегі порттар, Құрық порты- Констанца (Румыния) порты ,Маргера порты (Италия)-Құрық порты, Уние порты (Түркия) – Құрық порты, Деренже порты(Түркия) – Туркменбашы порты (Түркіменстан), Джурджулешты порты (Молдова) – Равенна (Италия), Говсан (Әзірбайджан) – Бартынь (Түркия) бағыттары бойынша тасымалдайды. 
     
    "KTZ Express Shipping" ЖШС ұсынатын қызметтер: 
     
    - құрғақ жүктерді (астық, металл, контейнер, т.б.) тасымалдау үшін кемелерді кірелеу (фрахтылау) қызметі;
    -пароммен жүк тасымалдауды ұйымдастыру;
    - жүктерді түсіру және тиеу порттарында экспедиторлық және агенттік қызметтер көрсету;
  • Авиатасымалдау

    Авиатасымалдау

    Тұрақты авиажелілерінің көмегімен кез-келген бағытта жүк жеткізуге көмектесеміз. Сіздің талабыңызға сай келетін бағдар жасап береміз.

    Действующие маршруты

    Новые маршруты

    Телефон для справок

    Эл. почта:

    Біз ұсынатын қызметтер:
     
    Жалпы сипаттағы жүктерді тасымалдау
    Чартерлік жүк тасымалы 
    Жедел чартер
    Габариттік емес жүктер
    Қауіпті жүктер
    Бизнес-чартер
    VIP ұшақ жалға беру
     
    «Тірі» жүк тасымалдау
     
    1. Жалпы сипаттағы жүктерді тасымалдау
     
    Тұрақты авиажелілерінің көмегімен кез-келген бағытта жүк жеткізуге көмектесеміз. Сіздің талабыңызға сай келетін бағдар жасап береміз. Тасымал саны мен жиілігін өз қарауыңызға қарай өзгерте аламыз. 
     
    2. Чартерлік жүк тасымалы
    Біз бірінші санаттағы қызметтер ұсынамыз: 
    Жүк тасымалдаушы-экспедициялық агенттіктерге
    Қайырымдылық және гуманитарлық ұйымдарға;
    Үкіметтік мекемелерге
    Сауда агенттеріне
    Корпорацияларға
     
    Чартерлік рейстердің басымдығы:
    Қолданыстағы авиажелілердің бағытымен шектелмейді;
    Рейс кестесін күтіп отырмайсыз;
    Жүк көлемі мен ұшу сапарының кестесін өзіңіз анықтаймыз; 
    Бізге сеніңіздер және хабарласыңыздар!!!
    Жүктің салмағын, габаритін және сипаттамасын хабарласаңыздар болды, біз қысқа мерзімнің ішінде тарифті есептеп береміз;
    Чартерлік сапарды басынан-аяғына дейін өзіміз қадағалап отырамыз;
    Сізге ыңғайлы және тиімді әуе кемесін тауып береміз;
    Біз дүниежүзі бойынша жұмыс істейміз.
     
    3. Жедел чартер
    Сізге жедел жүк жөнелту немесе әкелу керек болса, 
     
    «KTZ Express» компаниясына хабарласа аласыз!
     
    Жүкті жедел жеткізу керек болса, біз Сізге көмектесеміз
    Жүк тасымалдауда тәжірибеміз мол
    Біздің тәжірибеміз – сіздің пайдаңыз! Біздің тәжірибемізді пайдаланыңыздар!!!
    Сіздің сеніміңіз – біздің беделіміз! Біздің беделімізді пайдаланыңыздар!!!
    Экономикалық тиімді шешім іздесеңіздер, бізге сенім артыңыздар!!!
    Бізге сеніңіздер! Біз Сізге ең сенімді ұшақ тауып береміз!
    Бізге жыл он екі ай және 24 сағат бойы хабарласуларыңызға болады.
     
    4. Габариттік емес жүктер
    Сіздің тапсырысыңыз бойынша біз барлық затты тасымалдап береміз:
     
    Музыкалық аспаптар, сахна жабдықтары және декорациялар;
    Электровоз, вагон және кемелер үшін қосалқы бөлшектер, жабдықтар;
    Мұнай өнеркәсібіне арналған тораптар, жабдық бөлшектері; 
    Құрылыс материалдары және конструкциялар; 
    Ұшу аппараттарына арналған двигательдер және әуе кемелерінің бөлшектері; 
    Ғарыш жабдықтары және спутниктер;
    т.б. көптеген жабдықтар
     
    Ауыр жүктерді басымалдау біз үшін түк емес!
     
    Ұшақтарға жүк тиеудегі тәжірибемізге сеніңіздер!
    Сіздің жүгіңізді барар жеріне дейін біздің өкіліміз жеткізіп салады;
    Дербес менеджер барлық ұсақ-түйек мәселені шешіп береді.
     
    5. Қауіпті жүктер
     
     
    Біз Сіздерге:
    Қауіпті жарылғыш заттарды
    Химикаттарды
    Радиоактивті материалдарды
    Әуе кемесімен тасымалдауға рұқсат етілген кез-келген басқа жүктерді тасымалдауға көмектесеміз.
     
    Біз 
     
    Шектелген қозғалыс жағдайындағы жұмыс тәжірибемізді
    Қауіпті заттармен жұмыс істеудегі тәжірибемізді
    Ең соңғы нормалар мен ережелерді толық сақтау
    Дәл жоспарлау, барынша қорғау және абсолюттік қауіпсіздік шарттарын пайдалана отырып, 
     
    Сіздердің жүктеріңізді қорғаймыз.
     
     
    6. Бизнес-чартер
    Қалталы саяхатшыларға арналған ұсыныстар:
     
    «KTZ Express» АҚ: 
     
    Авиа ұшу сапарының жоспарын Сізден келісіп жасайды; 
    Сіздің ұшаққа деген талаптарыңызды, шарттарыңызды ескереді;
    Әуежайларда қызмет көрсетілу және кідіріс жасау уақытын барынша азайтады;
    Сапардың ең қысқа бағытын анықтап береді;
    Әуежайларда кезектен тыс тіркеу және тексеруден өткізуге көмектеседі;
    Ұшақта жұмыс жасауыңызға барлық жағдай жасайды; 
    Талабыңыз бойынша Сізді әуежайдан кез-келген жақын әуежайға жеткізеді; 
    ИКАО халықаралық талаптарына сай қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді;
    Ең сенімді және ең қауіпсіз ұшақтардың қызметтерін ҰСЫНАДЫ!!!
     
    7. VIP ұшақ жалға беру
     
    Жекеменшік ұшақты жалға беру - мәртебелі клиенттер үшін жайлы қызмет. Уақыт үнемділігі, жоғары деңгейдегі сервис, жайлы және қауіпсіз жағдай, оған қоса Сіздің жеке талаптарыңызды орындау - ұшақ жалдау қызметінің негізгі сипаттары. Хабарлассаңыздар болды, біз Сіздерге ұшақ жалдаудың барлық жолын ұсынамыз. Қажет болған жағдайда, ұшақ қожайынымен тікелей байланыстыра аламыз.
     
    Әрбір нақты жағдайда ұшу сапарын Сізбен келісе отырмыз жоспарлаймыз. Сапарыңызды және шығынды барынша оңтайландыруға көмектесеміз.
     
    Ұшақ (тікұшақ) жалдау мәселелері бойынша кез-келген уақытта мына телефондар мен электрондық адрестерге хабарласа аласыздар: 
     
     
    VIP клиенттер неліктен «KTZ Express» қызметін пайдаланады?
     
    Қауіпсіздік
    Әуежайларда VIP қызмет көрсету
    Борта жеке талаптар бойынша тамақ түрлерін ұсыну
    Борт ішінде барынша жайлы жағдай жасау
    Ұшу кестесінің икемділігі
     
    8. «Тірі» жүк
    Асыл тұқымды жылқыны немесе басқа да жанды жануарды тасымалдауды ұйымдастыру қызметін ұсынамыз. «Тірі» жүк тасымалдауды қамтамасыз етудегі тәжірибемізге сүйене отырып, Сіз үшін сәйкес ұшақ түрін таңдаймыз.
     
    Тапсырыс беру үшін
     
    Ұшаққа тапсырыс беру үшін сайттағы құжатты толтырыңыздар немесе төменде көрсетілген телефондарға хабарласыңыздар. Өтініштеріңізді барынша қысқа мерзімнің ішінде қарап, кез-келген бағытта ұшу сапарын ұйымдастырамыз.
     
    Байланыс телефондарымыз:
    Жауапты тұлғаның аты-жөні:
    Жұмыс телефоны: +7(7172
    Ішкі байланыс телефоны:
    Электрондық адрес:
  • Транскаспий халықаралық көлік бағыты

    Транскаспий халықаралық көлік бағыты

    «KTZ Express» АҚ әріптестерімен бірлесіп Транскаспий бағыты бойынша тасымалдауды белсенді дамытуда  және клиенттеріне «Nomad Express» контейнер сервисін ұсынуда.

    Действующие маршруты

    Новые маршруты

    Телефон для справок

    Эл. почта:

    «KTZ Express» АҚ әріптестерімен бірлесіп Транскаспий бағыты бойынша тасымалдауды белсенді дамытуда  және клиенттеріне «Nomad Express» контейнер сервисін ұсынуда. Қытайдан Түркияға, әрі қарай Еуропа елдеріне бағытталған бұл сервиске Каспий жағалауы, Украина және Польша логистикалық инфрақұрылымдары, сондай-ақ Баку-Тбилиси-Карс теміржол желісі қатыстырылған. 
    Қатысушы елдер соңғы жылдары Транскаспий бағытына коммерциялық басымдық беріп отыр. Біріншіден, сервис жылдам қызмет көрсетеді, клиентке ұсынылып отырған контейнер тасымалы Қытайдың шығысынан Түркияға дейін 14-15 күнде жетеді. Екіншіден, тауарлар үшін де, жүкті жеткізу мерзімі үшін де бәсекеге қабілетті баға белгіленген.