Абдрахманов Мұрат Болатұлы
Құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алған.
Әр жылдары Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінде және Астана қаласы әкімі аппаратының құрылымдарында қызмет атқарған.
2006 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүйесінде сот және талап-арыз жұмысы департаментінің бас менеджері лауазымынан еңбек жолын бастаған. Кейін департамент директорының орынбасары, құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ құқықтық мәселелер жөніндегі атқарушы директоры қызметтерін атқарып, сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ талап-арыз және сот істері департаментін басқарған.
2025 жылғы қыркүйектен бастап Құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор лауазымын атқарады.