KTZ Express қызметіндегі ESG қағидаттары
«KTZ Express» АҚ тұрақты даму қағидаттарын стратегиялық және операциялық басқарудың маңызды бағыты ретінде қарастырады. Компания экология, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқаруды қамтитын ESG тәсілін өз қызметінің барлық аспектілеріне біртіндеп интеграциялап келеді, үздіксіз жетілдіру философиясына (кайдзен) сүйенеді.
KTZ Express қоршаған ортаға әсерді азайтуға, адами капиталды дамытуға және басқару жүйесін жетілдіруге ұмтылады. 2024 жылы компания БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 17-сінің 12-сін қамтып, ESG қағидаттарының іс жүзінде жүйелі түрде жүзеге асырылатынын көрсетті.


Экология (E): Қоршаған ортаға ұқыпты қарау
Компанияның сайтында жүк тасымалдау кезінде көмірқышқыл газының (CO₂) шығарындыларын есептеуге және теміржол бағыттарының экологиялық тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін калькулятор қолжетімді.
2024 жылы ластаушы заттардың шығарындылары 3,49 тоннаны құрап, рұқсат етілген деңгейден (50,6 тонна) 14 есе төмен болды.
Қалдықтарды қайта өңдеу бағдарламалары енгізілді: 683 кг макулатура, 60 кг пластик және 38 кг батарея қауіпсіз утилизацияға өткізілді.
Экологиялық бастамалар аясында 1480-нен астам ағаш пен бұта отырғызылып, 60 кг люминесцентті шам жойылды.
Суару жұмыстарына жаңбыр суы пайдаланылады – жыл ішінде 120 м³ жиналып, коммуналдық ресурстарға түсетін жүктеме азайтылды.
2025 жылдың 17 мамыры мен 11 қазанында компания қызметкерлері Астана әкімдігінің қолдауымен экологиялық жағдайды жақсартуға және аумақты абаттандыруға бағытталған «Таза Қазақстан» акциясына қатысты.
«KTZ Express» «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен бірлесіп, экологиялық технологияларды енгізіп, табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін дамыту мақсатында корпоративтік волонтерлікті қолдайды.

Әлеуметтік жауапкершілік (S): Адам капиталы мен қоғамды дамыту
KTZ Express қызметкерлердің кәсіби өсуіне және қоғамдық бастамаларды қолдауға жағдай жасай отырып, жауапты әрі қауіпсіз корпоративтік ортаны дәйекті түрде қалыптастырады.
2024 жылы қызметкерлер мен еншілес ұйымдардың ерікті жарналары есебінен 1,4 млн теңге көлемінде қаражат қайырымдылық мақсаттарына бағытталды.
Жыл бойы өндірістік жарақат алу жағдайлары тіркелмеді, бұл еңбекті қорғау жүйесінің тиімділігін дәлелдейді.
965 қызметкер корпоративтік оқытудан өтті, ал 115 қызметкер қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша білім алды.
Басқарма құрамындағы 7 мүшенің 2-і әйелдер, бұл гендерлік теңдік қағидаттарына адалдықты көрсетеді.
Компанияда ерекше қажеттіліктері бар 3 қызметкер жұмыс істейді, олардың барлығына тең мүмкіндік пен жайлы еңбек жағдайлары қамтамасыз етілген.
Кадрлық резервке 66 қызметкер енгізіліп, кәсіби басқарушылық әлеует қалыптасуда.
Зиянды өндірістерде еңбек ететін қызметкерлерге әлеуметтік қорғауды арттыру мақсатында тарифтік мөлшерлемелерге қосымша төлемдер қарастырылған.
«KTZ Express» қоғамдық акцияларға белсенді қатысып, корпоративтік мәдениетті нығайтады және өз қызметі жүріп жатқан өңірлерде әлеуметтік жауапкершілікті дамытуға ықпал етеді.

Корпоративтік басқару (G): Ашықтық пен тиімділік
Корпоративтік басқару — KTZ Express компаниясының тұрақты дамуының негізгі элементі. Компания басқару жүйесін ашықтық, есеп берушілік және іскерлік этика қағидаттарына сүйене отырып, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы тобының үздік тәжірибелерін негізге ала отырып қалыптастырады.
KTZ Express ішкі бақылау тетіктерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды және іскерлік этика қағидаттарын дәйекті түрде дамытып келеді. Компанияда сыбайлас жемқорлық пен қаржылық құқықбұзушылықтарға нөлдік төзімділік саясаты қолданылады.
Қаржылық құқықбұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту және қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында тұрақты түрде оқыту семинарлары мен кеңестер өткізіледі. Іс-шараларға мемлекеттік органдардың өкілдері, қауіпсіздік және комплаенс саласындағы мамандар, сондай-ақ орталық аппарат пен филиалдардың қызметкерлері қатысады.
Мұндай бастамалар адалдық мәдениетін, жеке жауапкершілікті және корпоративтік құндылықтарды сақтау қағидатын нығайтуға ықпал етеді.
Компанияның 2029 жылға дейінгі стратегиялық жоспарларында корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру, тәуекелдерді басқару тетіктерін дамыту және қаржылық емес ақпаратты ашуда ашықтықты арттыру көзделген.
KTZ Express тиімді басқару мен адалдық мәдениеті клиенттер, серіктестер және инвесторлар сенімінің негізі әрі бизнестің ұзақ мерзімді тұрақтылығының кепілі деп есептейді.
KTZ Express-тің тұрақты дамуға қосқан үлесі
KTZ Express занимает активную позицию в вопросах устойчивого развития, сочетая экономическую эффективность с социальной и экологической ответственностью.
ESG қағидаттарын операциялық үдерістерге біріктіру компанияға қоршаған ортаға әсерді азайтып қана қоймай, стейкхолдерлердің сенімін нығайтуға және Қазақстанның тұрақты логистикалық жүйесін дамытуға ықпал етуге мүмкіндік береді.
Компания ішкі процестерін жетілдіруді, инновациялық шешімдерді енгізуді және қызмет тиімділігін арттыруды жалғастырып, ұлттық және жаһандық тұрақты даму мақсаттарына қолдау көрсетеді.