KTZ Express Magіstral Awards 2025 сыйлығында цифрлық логистиканың көшбасшысы деп танылды

KTZ Express Magіstral Awards 2025 сыйлығында цифрлық логистиканың көшбасшысы деп танылды

📅 2025 жылғы 19 желтоқсан

📍 Астана


KTZ Express көлік және логистика саласындағы Magіstral Awards 2025 еуразиялық сыйлығының «Цифрлық логистиканың көшбасшысы» номинациясы бойынша лауреаты атанды. Марапат Компанияның «Бірыңғай цифрлық терезе» жобасының жоғары нәтижелері мен инновациялық сипаты үшін берілді.

«Бірыңғай цифрлық терезе» жобасы екінші жыл қатарынан үздік деп танылып, бұл көлік-логистика саласындағы цифрлық трансформацияның тұрақтылығын және енгізіліп жатқан шешімдердің тиімділігін айқын көрсетеді.

Платформа «ҚТЖ» ҰК» АҚ тобына кіретін барлық кәсіпорындардың коммерциялық функцияларын бірыңғай цифрлық орта аясында кезең-кезеңімен енгізуге арналған. Ол бизнес-процестердің ашықтығын қамтамасыз етіп, клиенттермен өзара іс-қимыл мерзімдерін қысқартады және халықаралық стандарттарға сай заманауи сервисті қалыптастырады.

Бүгінгі таңда жүйе платформа аясында іске асырылған негізгі логистикалық қызмет түрлеріне орталықтандырылған онлайн қолжетімділікті ұсынады. Жоба іске қосылған сәттен бастап платформа арқылы 37 мыңнан астам өтінім өңделіп, қағазсыз құжат айналымы форматында 4 500-ден астам шарт жасалды. Цифрлық кеңістікте Қазақстан, Қытай, Орталық Азия елдері, ТМД, Еуропа және Таяу Шығыс мемлекеттерінен 1 660-тан астам компания тіркелген. Олардың қатарында экспедиторлық, көлік, өндірістік және сауда ұйымдары бар.

Платформаны дамыту аясында сөйлеуді тану және электрондық кезек сияқты зияткерлік технологиялар енгізілуде. Алдағы уақытта клиенттерге қолдау көрсетуге арналған ИИ-операторды іске қосу жоспарланған. Бұл қоңырауларды қабылдауды автоматтандыруға, типтік сұрақтарға жауап беруге және ақпаратты жедел ұсынуға мүмкіндік беріп, сервистің сапасы мен жылдамдығын арттырады.

Magіstral Awards 2025 салтанатты рәсімі барысында KTZ Express басшыларының кәсіби жетістіктері де атап өтілді.

KTZ Express компаниясының логистика жөніндегі Бас директордың орынбасары Қапар А.И. «Көлік Профи» номинациясы бойынша дипломмен, ал операциялық қамтамасыз ету жөніндегі Бас директордың орынбасары Жақсыбек Қ.М. «Көлік басқару шеберлігі» номинациясы бойынша марапатталды. Бұл марапаттар компания командасының жоғары басқарушылық сараптамасын және заманауи көлік логистикасын дамытуға қосқан үлесін көрсетеді.

Magіstral Awards еуразиялық сыйлығы Н. Исингарин атындағы Көлік бастамаларын дамыту қоры мен TLK Media медиатобы тарапынан, Еуразиялық экономикалық комиссияның қолдауымен және мемлекеттік әрі салалық институттардың қатысуымен тағайындалған. Сыйлық Еуразиядағы бірыңғай көлік кеңістігін дамытуға, маңызды интеграциялық жобаларды қолдауға, инновациялар мен цифрлық технологияларды енгізуді ынталандыруға, сондай-ақ бірлескен көлік саясатының жетістіктерін көрсетуге бағытталған. Magіstral Awards өңірдегі көлік-логистика саласындағы ең беделді қоғамдық марапаттардың бірі болып саналады.