KTZ Express қызметкерлері шаңғы жарысы бойынша корпоративтік жарыстарда жүлделі орындарға ие болды

📅 2025 жылғы 20 желтоқсан
📍 Астана, Қазақстан
2025 жылғы 20 желтоқсанда Астана қаласының Орталық паркінде орналасқан шаңғы-роллер трассасында «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының ерлер мен әйелдер арасындағы корпоративтік шаңғы жарыстары өтті. Спорттық іс-шара жеке есеп бойынша ұйымдастырылып, әртүрлі жас санаттарындағы қызметкерлерді біріктірді.
Жарыс қорытындысы бойынша KTZ Express орталық аппаратының өкілдері жоғары деңгейдегі физикалық дайындық пен спорттық шеберлікті көрсетті. 40–49 жас аралығындағы санатта Каршығанов К. күміс жүлдегер, ал Баширов Ф. қола жүлденің иегері атанды.
KTZ Express қызметкерлерінің бұл жетістіктері компанияның корпоративтік мәдениетті дамытуға, салауатты өмір салтын қолдауға және қызметкерлердің спорттық бастамаларға белсенді қатысуына бейілділігін айқын көрсетеді. KTZ Express жүлдегерлерді құттықтап, жарысқа қатысқан барлық қызметкерлерге компанияны лайықты таныстырғаны және командалық рухы үшін алғыс білдіреді.