KTZ Express Азиядағы өзара іс-қимыл және сенімшаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) Бизнес-форумында БЦТ жобасын таныстырды

2024 жылғы 20 қарашада Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Бизнес-форумы өтті. Іс-шара аясындалогистика және инфрақұрылым саласындағы заманауи міндеттерді шешуге арналған тақырыптық сессия өтті. Сессияда KTZ Express АҚ даму және IT жөніндегі басқарушы директоры М. А. Садықов баяндама жасады.
Өз сөзінде М. А. Садықов логистикалық инфрақұрылымды инновациялық дамытудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының терминалдық желіні кеңейту бойынша іске асырылып жатқан және жоспарланыпотырған жобалары туралы айтты. «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының клиенттері үшін интеграцияланған цифрлық кеңістік құруға бағытталған «Бірыңғай цифрлық терезе» (БЦТ) жобасына ерекше назар аударылды.
БЦТ жобасы клиенттерге келесілерді ұсынады: • Портал, мобильді қосымша, EGOV Business және бірыңғай байланыс орталығы арқылы ыңғайлы көп арналы қолжетімділік. • Тасымалдау процесінің әрбір қатысушысымен өзара іс-қимыл жасау қажеттілігін қоспағанда, «Бірыңғай терезе» қағидаты бойыншалогистикалық қызметтерді жедел алу.
Қазіргі уақытта БЦТ порталы тест режимінде жұмыс істейді. Қосымша ақпарат немесе жедел қолдау алуүшін клиенттер 1462 телефоны бойынша Бірыңғай байланыс орталығына хабарласа алады.
БЦТ бастамасы тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға ықпал ететін логистиканыцифрлық түрлендірудегі маңызды қадам болыптабылады.