KTZ Express және Ляньюньган порты: Көлік логистикасы саласындағы стратегиялық серіктестік жаңа деңгейге көтерілуде

2024 жылғы 25 мамырда «KTZ Express» АҚ Бас директоры Дамир Қожахметов ҚХР-ға жұмыс сапары аясында Қытайдың ең ірі порт топтарының бірі – «Ляньюньган КТ» ЖШҚ басшылығымен келіссөздер өткізді.
Келіссөздердің негізгі бағыты Ақтау порты базасында контейнерлік хаб салу бойынша жаңа бірлескен жобаны іске асыруға бағытталды. Тараптар ынтымақтастықты талқылап, одан әрі іс-қимыл жоспарын белгіледі.
Контейнерлік хаб Ақтау порты арқылы түрлі бағыттар бойынша контейнерлік жүктерді өңдеу және жөнелту бойынша қызметтер кешенін көрсету үшін инфрақұрылым құруға, сондай-ақ Каспий өңірі мен Орта Азия елдері үшін контейнерлік ағын мен сервис қалыптастыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде Қытай тарапы «Бір белдеу, бір жол» бастамасының бір бөлігі ретінде жобаны іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Естеріңізге сала кетсек, «KTZ Express» АҚ «Ляньюньган порты компаниялар тобы» ЖШҚ-мен бірлесіп көліктік логистика саласында екі жоба іске асырылды: «Қорғас құрғақ порты» және «Ляньюньган портындағы Терминал», олар екі ел арасында да, Қазақстан арқылы транзитпен жүктерді жөнелту кезінде де логистикалық процестерді оңтайландыруда маңызды рөл атқарады.