KTZ Express «ОТЛК ЕРА» АҚ акционерлерінің үшжақты кездесуіне қатысты
.jpg&w=2048&q=75)
📅 2025 жылғы 26 қараша
📍 Баку қ., Әзербайжан Республикасы
KTZ Express «ҚТЖ» ҰК» АҚ делегациясының құрамында «ОТЛК ЕРА» АҚ акционерлерінің ААҚ «РЖД» және «БЖД» МҚ-мен бірлескен үшжақты кездесуіне қатысты.
Кездесу барысында «ОТЛК ЕРА» АҚ дамуының стратегиялық бағыттары, ағымдағы өндірістік көрсеткіштер, Солтүстік дәліз арқылы «Қытай - Еуропа - Қытай» бағытының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, логистикалық үдерістерді оңтайландыру және компанияның сервистік функционалын кеңейту мәселелері талқыланды. Тараптар контейнерлік тасымалдар үлесін ұлғайтуға, интеграцияланған мультимодальды шешімдерді енгізуге назар аударып, Азия мен Еуропа арасындағы транзиттік тасымалдардың тиімділігі мен жылдамдығын арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды келісті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті одан әрі нығайтуға, іс-қимылдарды үйлестіруге және транзиттік әлеуетті дамытуға және маршруттың тартымдылығын арттыруға бағытталған бірлескен стратегиялық бастамаларды жүзеге асыруға дайын екендігін растады.
KTZ Express-тің «ОТЛК ЕРА» АҚ акционерлерінің кездесуіне қатысуы компанияның халықаралық көлік жобаларын стратегиялық дамытудағы белсенді ұстанымын және жүк жөнелтушілер үшін тиімді логистикалық шешімдерді іске асырудағы рөлін айқындайды.