«KTZ Express» АҚ-ның коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға бағытталған шаралары туралы
.png&w=2048&q=75)
«KTZ Express» АҚ коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға бағытталған бірқатар шаралар қабылдады.
Орталық аппарат пен барлық филиалдарда келесі шаралар қабылданды:
1. Кеңсе ішін залалсыздандыру және өңдеу, сонымен қатар қызметкерлер арасында жеке гигиена шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
2. «KTZ Express» АҚ қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы мен шет елдерге іс-сапарларының барлық түрлері тоқтатылды.
3. Барлық қоғамдық шаралардың күші жойылды.
4. Жұмысшылардың бір бөлігін қашықтықтан жұмыс жасау форматына ауыстыру бойынша шаралар қабылдануда.
2020 жылғы 16 наурыздағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясы бар қызметкерлер анықталған жоқ. Барлық құрылымдық бөлімшелер қалыпты тәртіпте жұмыс істейді.