TransLogistica Kazakhstan 2019 көрмесінде ары қарайғы т/ж көлігінің даму мәселелері талқыланды

TransLogistica Kazakhstan 2019 көрмесінде ары қарайғы т/ж көлігінің даму мәселелері талқыланды

 «KTZ Express» өкілдері 23-«Көлік және логистика»  Қазақстандық халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылған «Көлік және логистика нарығы» екінші халықаралық конференциясына қатысты.

 

Панельдік сессияларда темір жолдағы жүктерді тасымалдаудың әлеуетіне, темір жол инфрақұрылымын дамытуға, цифрландыруға, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге байланысты мәселелер талқыланды. Кез келген мемлекет экономикасының тиімділігі елдің көліктік-логистикалық кешенінің дамуына тікелей байланысты.

Бірегей географиялық жағдай Қазақстанға транзит сияқты перспективалық бағытты белсенді дамытуға мүмкіндік береді. «KTZ Express» АҚ Басқарма төрағасы Дмитрий Абдуллаев өз сөзінде 2019 жылдың 8 айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша жүк тасымалының көлемі 183,8 млн.тоннаға жеткенін, бұл ретте транзит бөлігіндегі контейнерлік тасымалдардың өсуі 411,2 мың ЖФЭ-ды құрағанын, бұл 2018 жылдың осы кезеңдегі көрсеткішімен салыстырғанда 35%-ға жоғары екендігін атап өтті.

«Контейнерлік транзит – компанияның стратегиялық векторы және өсу нүктесін дәл осы жерден көреміз. Бүгінде Қазақстанның инфрақұрылымы тек 47%-ға ғана жүктелді, дамуға үлкен әлеует болғандықтан, солай қарай ұмтылуымыз керек», - деді Д. Абдуллаев. Жалпы ҚР аумағы арқылы өтетін барлық көлік дәліздері бойынша тасымалдауға сұранысты ынталандыратын негізгі құралдардың бірі контейнерлік пойыздардың жылдамдығын тәулігіне 1 026 км-ге дейін арттыру. Сонымен қатар, «ҚТЖ»ҰК»АҚ-ның икемді тарифтік саясаты маңызды рөл атқарады. Биылғы жылы транзиттік тарифті төмендетуге бағытталған 110 шешім қабылданды. Сонымен қатар, 2014 жылдан бастап Еуропа бағытында контейнерлік пойыздардың тарифтері тұрақты болып қалды.