KTZ Express EuroNews арнасына берген сұхбатында: Ақтаудағы хабтың дамуы, логистиканы цифрландыру және Транскаспий дәлізі бойынша стратегия

KTZ Express EuroNews арнасына берген сұхбатында: Ақтаудағы хабтың дамуы, логистиканы цифрландыру және Транскаспий дәлізі бойынша стратегия

📅 2025 жылғы 16 шілде


KTZ Express компаниясының бас директоры Кожахметов Д.М. EuroNews арнасына берген арнайы репортажда Қазақстанның Қытай мен Еуропаны Каспий, Кавказ және Орталық Азия арқылы байланыстыратын Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамытудағы рөлі туралы сұхбат берді.

Ақтау порты — мемлекет инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жаңартылған логистикалық тізбектегі негізгі буынға айналуда. KTZ Express қатысуымен құрылып жатқан жаңа контейнерлік хаб Каспий теңізіндегі ең ірі орталыққа айналады. Оның жылдық өткізу қабілеті 240 000 TEU деп бағаланып отыр, бұл Қытай мен Еуропа арасындағы жүк ағынын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Сұхбат барысында Кожахметов Д.М. заманауи технологиялық шешімдерді енгізуге ерекше назар аударылып жатқанын атап өтті. Компания автоматтандырылған терминалды басқару жүйесін белсенді түрде енгізуде, ZPMC маркалы заманауи крандар қолданылады, сондай-ақ Tez Customs цифрлық платформасын дамытуда. Бұл шешім кедендік рәсімдеу уақытын 8 сағаттан 30 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді және шекаралық станцияларда өз тиімділігін дәлелдеді.

KTZ Express Қытай мен Еуропа арасындағы транзитті қамтамасыз ету үшін Әзірбайжан, Грузия және Венгрияда жаңа терминалдар салу арқылы мультимодальды инфрақұрылымды кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл Еуропалық Одақтың транзиттік уақытты 15 күнге дейін қысқарту мақсатына толық сәйкес келеді.


🔗 Сұхбатты толық мына сілтеме арқылы көре аласыз:

https://www.euronews.com/business/2025/07/16/kazakhstan-plans-to-boost-europechina-trade-route-heres-how