Орта дәліздің жаңа мүмкіндіктері: Қазақстан темір жолы TХКМ бойында TransCaspian Express тұрақты шаттл қызметін іске қосты ⠀

Бүгін Қазақстанның Алтынкөл станциясынан Грузияның Поти және Батуми порттары бағытында топтық жүк тиелген алғашқы жүрдек контейнерлік шаттл пойызы жөнелтілді. Болжамды жол жүру уақыты небәрі 20 күн. ⠀ TransCaspian Express Алтынкөл – Поти/Батуми аралығында кестеге сәйкес аптасына 3 рет аттанады: дүйсенбі, сәрсенбі және жұма. ⠀ «KTZ Express Транскаспий бағыты бойынша транзиттің ұлғаюы үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған бірқатар шараларды жүйелі түрде жүзеге асыруда. TransCaspian Express іске қосылуы ыңғайлы жеткізу уақытына және бағыт бойынша бәсекеге қабілетті тариф шарттарының қалыптасуына кепілдік береді. Бұл тұтынушылар үшін Орта дәліздің тартымдылығын арттырып, оның одан әрі дамуына серпін береді», - деп есептейді «KTZ Express» АҚ басшысы А.Қапар