KTZ Express Еуропа елдерінің нарықтарында ТХКБ бойынша ынтымақтастықты кеңейтуде

2024 жылғы 19 маусымда Астана қаласында KTZ Express «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен бірлесіп Румыния теміржол саласының өкілдері - CFR Marfa компаниясымен келіссөздер жүргізді.
KTZ Express бас директорының логистика жөніндегі орынбасары А. Қапар қатысушыларды Қазақстан Республикасының көлік-логистика саласын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы таныстырды.
А. Қапар Констанца портынан Будапештке дейінгі маршрутта KTZ Express-тің қатысуын кеңейту қажеттілігіне баса назар аудара отырып, Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту мәселелеріне - Еуропа елдері бойынша жүктерді одан әрі тарату торабына ерекше назар аударды.
Қол жеткізілген уағдаластықтарды бекіту мақсатында тараптар бірлескен жобаларды одан әрі іске асыру үшін ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.