KTZ Express ТМТМ-ды дамыту аясында ынтымақтастықты күшейтуде
.jpg&w=2048&q=75)
📅 2025 жылғы 6 тамыз
📍 Баку, Әзербайжан
KTZ Express бас директоры Қожахметов Д.М. Әзербайжанға жасалған қазақстандық делегацияның жұмыс сапарына қатысты. Іссапар аясында Транскаспий халықаралық көлік маршрутын (ТМТМ) дамытуға бағытталған бірқатар серіктестермен кездесулер өтті.
Кездесуге Әзербайжанның цифрлық даму және көлік министрі Рашад Набиев, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Алдыбергенов Т.С., ҚР Президентінің кеңесшісі Жанасова А.Ж., сондай-ақ «Әзербайжан темір жолы» ЖАҚ, «Грузия темір жолы» АҚ және басқа да салалық құрылымдардың өкілдері қатысты.
Тараптар маршрутты одан әрі дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, терминалдық қуаттарды кеңейту, порттардың өткізу қабілетін арттыру және логистикалық үдерістерді цифрландыру мәселелерін талқылады. ТМТМ арқылы тасымал көлемінің өсуіне кедергі келтіретін «тар жерлерді» жоюға, тасымалдарды синхрондау мен жылжымалы құрам айналымын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
KTZ Express қол жеткізілген уағдаластықтарды жоғары бағалап, Орта дәліздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған стратегиялық бастамаларды жүзеге асыруды жалғастырады. Басты басымдықтар — жеткізу сенімділігі, тұрақты график және жолда өту уақытының қысқаруы. Бүгінгі таңда Қытайдан Еуропаға транзиттік жүктер ТМТМ арқылы орта есеппен 15–18 күн ішінде жеткізіледі, бұл теңіз тасымалынан екі есе жылдам.