KTZ Express қызметтері халықаралық сарапшылар форумында ұсынылды

«KTZ-Express» АҚ «Жүктер айналымы белең алуда: Қазақстан транзиттік жүк ағындарын қалай жіберіп алмауы керек?» атты «Магистраль» халықаралық сараптамалық форумға қатысты.
Іс-шара онлайн режимінде өтіп, халықаралық сарапшылардың басын қосты. Форумға қатысушылар нақты бағалаулар мен қазақстандық бағыттардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша қабылданған шаралар секілді тақырыптар мен мәселелерді талқылады.
«KTZ Express» акционерлік қоғамының Бас директоры Дмитрий Абдуллаев өз сөзінде форум қатысушыларын Компания ұсынуындағы қызметтер мен жұмыс принциптері жайлы хабардар етті, сонымен қатар Қырғызстан арқылы өтетін маршрутпен салыстырғанда қазақстандық маршруттың бәсекеге қабілеттілігін бағалаудағы бірқатар маңызды факторларды атап өтті.
Баяндама барысында Д. Абдуллаев көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мен Қазақстан бағыттарына қосымша жүктерді тарту мақсатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ы контейнерлік пойыздардың жоғары жылдамдығына қол жеткізгенін, және де бұл көрсеткіш бүгінгі таңда тәулігіне 1167 км құрайтынын мәлімдеді. Бұл өз алдына Азия мен Еуропа, ТМД елдері арасындағы барлық көлік дәліздеріне сұранысты ынталандырады.
Айта кетерлік жайт, Компания клиенттерге бейімделген 150-ден астам жеке тарифтік шешімдерді қабылдады, тұрақты түрде жаңа бағыттарды құрумен айналысады, сонымен қатар транзит кезінде тауарлардың 100% қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Іс-шара барысында KTZ Express көліктік-логистикалық қызметтердің толық спектрін ұсынатынын атап өтті. Компания жүк ағындарын қабылдауға және оларға қызмет көрсетуге қолайлы кешенді шаралардың орындалуына жағдай жасап, Қазақстан арқылы өтетін маршруттар бойынша клиенттермен өзара әрекеттеседі.