KTZ Express Transport Logistic 2025 көрмесіне қатысты

KTZ Express Transport Logistic 2025 көрмесіне қатысты

2025 жылғы 2–5 маусым аралығында Мюнхен қаласында Transport Logistic 2025 халықаралық көрмесі өтті — бұл Еуропадағы логистика және жүк тасымалдары саласындағы ең ірі іс-шаралардың бірі. Шара аясында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниялар тобы бірыңғай стенд ұйымдастырып, онда KTZ Express қызметкерлері компанияның қызметтері туралы ақпарат ұсынып, Rhenus, Hellmann және DB Cargo секілді серіктестермен кездесулер өткізді.

Келіссөздер барысында негізгі тақырыптар ретінде халықаралық көлік дәліздерін дамыту, транзиттік тасымалдар көлемін арттыру және іскерлік ынтымақтастықты нығайту мәселелері көтерілді.

Көрме аясында Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) дамуына арналған панельдік сессиялар өтті. Онда KTZ Express компаниясының логистика жөніндегі Бас директордың орынбасары Қапар А.И. негізгі жобалармен таныстырып, еуропалық серіктестермен ынтымақтастықтың бұл бағыттағы маңыздылығын атап өтті.

Мюнхендегі көрме KTZ Express компаниясымен логистика саласында жұмыс істеуге еуропалық тараптың жоғары қызығушылығын көрсетті және жаңа бастамаларды ұсынуға тиімді алаң болды.