KTZ Express жолаушылар пойыздарының пошта-багаж вагондарында жүктерді тасымалдау бойынша жаңа сервисті іске қосты

Электрондық коммерцияның қарқынды өсуі жағдайында KTZ Express жолаушылар пойыздарының құрамында пошта-багаж вагондарында жүктерді тасымалдаудың жаңа сервисін ұсынды.
Алғашқы жөнелту 7 наурызда өтті: Алматы-2 станциясынан Астана-1 станциясына қарай көлемі 300 текше метр жүк жөнелтілді, ол межелі жерге бір тәулік ішінде келді.
KTZ Express габаритті емес жүктерді ТМД елдерінің кеңістігінде баламасы жоқ мамандандырылған вагондарда тасымалдайды. Бұл қызмет жолаушылар пойыздарының кестесін пайдалану арқылы жоғары жылдамдықты қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта бұл қызмет Алматы-Астана бағытында жұмыс істейді, ал жақын болашақта Қазақстан ішінде де, халықаралық бағыттарда да географияны кеңейту жоспарлануда.