«KTZ Express» АҚ Бас директорының міндетін атқарушы Д.М. Қожахметов PinDuoDuo-мен келіссөздер жүргізді

«KTZ Express» АҚ Бас директорының міндетін атқарушы Д.М. Қожахметов  PinDuoDuo-мен келіссөздер жүргізді

Операциялық қызметті ұдайы жақсартуға және клиенттерге қызмет көрсету тиімділігін арттыруға ұмтыла отырып, «KTZ Express» АҚ электрондық коммерция сервистерін енгізу мәселелерін белсенді пысықтауда. Бұл қадам ұсынылатын қызметтерді жетілдіруге және нарықтың қазіргі заманғы талаптарына бейімделуге бағытталған.

Осы бастама аясында «KTZ Express» АҚ Бас директорының міндетін атқарушы Д.М. Қожахметов әлемдік ірі маркетплейстер мен онлайн-дискаунтерлердің бірі PinDuoDuo-мен келіссөздер жүргізді.

Қытайда қаңтардың бірінші онкүндігінде өткен кездесуде тараптар PinDuoDuo сауда платформасы үшін «KTZ Express» АҚ қызметін ұсыну мәселелерін талқылады, бұл қызмет көрсету географиясын кеңейтуге және клиенттерге электрондық коммерция саласында жаңа бағыттарды ашуға мүмкіндік береді.