KTZ Express компаниясы Сиань қаласында өткен 8-ші халықаралық «Жібек жолы» көрмесіне қатысты

KTZ Express компаниясы Сиань қаласында өткен 8-ші халықаралық «Жібек жолы» көрмесіне қатысты

2024 жылдың 20 қыркүйегінде Сиань қаласында (Қытай) 8-ші халықаралық «Жібек жолы» көрмесі аясында «KTZ Express» АҚ Басқарма төрағасы Д.М. Қожахметов «ҚТЖ» ҰК» АҚ Транскаспий халықаралық көлік бағытына (ТХКБ) арналған стендімен таныстырды.

Шэньси провинциясы мен Сиань қаласының басшылығы қатысқан стендтің ашылу салтанатында Д.М. Қожахметов «Қазақстан темір жолы» АҚ атынан көлік-логистика саласындағы жетістіктерге тоқталып, Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың дамуын, «Бір белдеу – бір жол» бастамасын, Сиань қаласындағы Қазақстан-Қытай терминалын және ТХКБ бойынша транзиттік тасымалдың айтарлықтай өсуін атап өтті.

«Біздің жетістіктеріміз елдер мен компаниялар арасындағы тығыз ынтымақтастықсыз және сенімсіз болу мүмкін емес. TХКБ – еуразиялық көлік жүйесіндегі маңызды буындардың бірі және бағыттың сәтті өтуі – біздің бірлескен күш-жігеріміздің нәтижесі. Ағымдағы жылдың басынан бері TХКБ бойынша транзит 20 есе өсті және қыркүйек айының басында біз Ақтауда 2024 жылдағы 200-ші контейнерлік пойызды жөнелту рәсімін өткіздік, бұл маршрутқа деген қызығушылықтың жоғарылығын және жақсы үйлестірілген ұжымдық жұмысын көрсетеді. TХКБ Қытайды Каспий теңізі арқылы Еуропамен байланыстырып жүктерді теңіз көлігінен 2 есе жылдам жеткізуге мүмкіндік береді», - деп Д.М. Қожахметов атап өтті.