ҚТЖ және CCCC Қытайдың ірі құрылыс компаниясы ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады

ҚТЖ және CCCC Қытайдың ірі құрылыс компаниясы ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады

2025 жылғы 24 ақпанда Бейжің қаласында China Communications Construction Company (CCCC) компаниясының басшысы Ван Тунчжоу мырза «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Н. Е. Сауранбаевты қабылдады.


Анықтама: СССС – Қытайдағы ең ірі құрылыс корпорациясы Fortune Global 500 рейтингі бойынша әлемде 63-ші орында, кірісі жылына 130 миллиард доллардан асады  


Тараптар ағымдағы бірлескен жобаларды және одан әрі өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады. Анаклия портындағы жобаны жүзеге асыруда, Трансауғандық көлік дәлізін дамытуда және басқа да ірі инфрақұрылымдық көліктік жобаларда ынтымақтастық қарастырылды.  


Кездесу қорытындысы бойынша ҚТЖ және CCCC серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.