«Middle Corridor – Еуропа және Азия сауда-көлік көпірі» атты презентация ұсынылды

«Middle Corridor – Еуропа және Азия сауда-көлік көпірі» атты презентация ұсынылды

Бүгін, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаевтың қатысуымен «Middle Corridor – Еуропа және Азия сауда-көлік көпірі» атты презентация ұсынылды.«KTZ Express» Акционерлік қоғамының Бас директоры Дмитрий Абдуллаев қатысушыларды ТМТМ бағытында кешендік қызметті қамтитын жүкағымын қамтамасыз етуге арналған қолайлы жағдайлармен таныстырды.«KTZ Express» Акционерлік қоғамы ТМТМ бағытында толық спектрлік көлік-логистикалық қызмет көрсетеді. Біз Халықаралық Транскаспий консорциуымының үйлестірушісі болумен қатар ТМТМ бағытына транзиттік және сыртқы сауда жүгін тарту бойынша толассыз жұмыс атқарудамыз», - деп айқындады Д.Абдуллаев.Еске салсақ, 2019 жылы Каспий теңізінде контейнер тасымалы мөлшері 2018 жылмен салыстырғанда 79%-ға артып, рекордтық көрсеткішке жетті.