Минскіде логистикалық маршруттардың дамуы талқыланды

2025 жылғы 10 сәуірде Минскіде III Халықаралық «Теміржол логистикасы: дамудың өзекті міндеттері» жүк конференциясы өтті. Іс-шара Еуразия елдерінің қатысушыларын теміржол логистикасын, халықаралық көлік дәліздерін дамытудың және жаһандық өзгерістер жағдайындағы тиімді өзара іс-қимылдың негізгі мәселелерін талқылау үшін біріктірді.
«KTZ Express» АҚ атынан конференцияға маркетинг және сыртқы байланыстар департаментінің директоры О.С. Сағымбеков қатысушыларды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін логистикалық маршруттардың ағымдағы жай-күйімен және даму перспективаларымен таныстыра отырып қатысты. «Солтүстік – Оңтүстік» бағыттары мен Трансафган дәлізіне ерекше назар аударылды.
«KTZ Express Қазақстанның халықаралық көлік-логистикалық жүйедегі маңызды буын ретіндегі позициясын нығайта отырып, негізгі бағыттарды дамыту бойынша белсенді жұмыс істеуде. Бұл күш-жігер халықаралық ынтымақтастықсыз және барлық маршрут қатысушыларының Үйлестірілген әрекеттерінсіз мүмкін емес. Серіктестік елеулі нәтижелер әкелетініне және барлық тараптар үшін жаңа көкжиектер ашатынына сенімдімін», — деп атап өтті О.С. Сағымбеков.
Компания Беларусь темір жолы әкімшілігіне конференцияны ұйымдастырғаны және көлік логистикасы саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін алаң құрғаны үшін алғысын білдіреді.