KTZ Express және Yiwu Timex көлік маршруттары мен логистикалық инфрақұрылымды дамытуды талқылады

Қытай, 2025 жылғы 26 ақпан – KTZ Express және Yiwu Timex өкілдері халықаралық тасымалдардағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларына арналған жұмыс кездесуін өткізді. Орталық Азияға жеткізу үшін жаңа логистикалық қызметтер, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) аясындағы өзара іс-қимылды тереңдету талқыланды.
Yiwu Timex – Чжэцзян провинциясынан Еуропа мен Орталық Азияға жүк тасымалдауды ұйымдастыруға маманданған Қытайдың ең ірі логистикалық операторларының бірі. Компания халықаралық маршруттарды белсенді дамытады және Қытай логистикасын жаһандық көлік тізбектеріне біріктіруге ықпал етеді.
Тараптар Каспий тасымалы үшін кеме жасау, сондай-ақ Ақтаудағы порт және теміржол инфрақұрылымын жаңғырту саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырды. Сондай-ақ жүктерді жеткізуді жеделдету үшін Орта Азия елдері бағытында қосымша жүрдек контейнерлік пойыздарды іске қосу талқыланды.
Келіссөздер серіктестікті одан әрі дамытуға және өңірдің көлік инфрақұрылымына бірлескен инвестицияларға өзара қызығушылықты растады.