Эстония Қазақстанмен көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Эстония Қазақстанмен көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес компаниясы - «KTZ Express» АҚ басшылары Эстонияның көлік компанияларының өкілдерімен келіссөздер жүргізді.

Эстония делегациясын Эстонияның Қазақстандағы елшісі Хайти Мимес басқарды.

Кездесу барысында тараптар транзиттік трафикті ұйымдастырудағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Қытай мен Еуропа арасындағы маршруттарда логистикалық жабдықтау және қызмет көрсету тізбегін дамытудың мүмкіндіктері қарастырылды.

Эстония елшісі Қазақстанның транзиттік әлеуетін жоғары бағалап, елдің Орталық Азиядағы саяси және экономикалық жағынан маңызды рөлін атап өтті. Дипломат болашақта сауда, көлік және логистикалық байланыстарды кеңейтуге қызығушылық білдірді.