KTZ Express және CRCT: Контейнерлік тасымалдарды дамыту жөніндегі жаңа келісімдер

KTZ Express және CRCT: Контейнерлік тасымалдарды дамыту жөніндегі жаңа келісімдер

2025 жылғы 1 тамызда Пекин қаласында China Railway Container Transport Co., Ltd. (CRCT) компаниясының бас кеңсесінде KTZ Express делегациясы бас директоры Д.М. Қожахметовтың жетекшілігімен CRCT басшылығымен жұмыс кездесуі өтті.

CRCT тарапынан кездесуге қатысты:

  • Чжун Чэн — CRCT бас директоры
  • Ван Дэчжань — CRCT бас директорының орынбасары
  • Жэнь Цзинтянь — CRCT Клиенттерге қызмет көрсету орталығының аға маманы
  • Чжан Дунлян — CRIMT бас директорының орынбасары
  • Ли Кэфу — CRIMT арнайы жобалар жөніндегі маманы

Тараптар Қытай – Еуропа, Қытай – Ресей, Қытай – Беларусь бағыттарында, сондай-ақ ТМТМ және Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан бағыттарында контейнерлік тасымал көлемін ұлғайту бойынша бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты. Қосымша жүк ағындарын тарту және логистикалық маршруттардың тиімділігін арттыру үшін жұмыс тобын құру жоспарлануда. Сондай-ақ Иран мен Түркия арқылы Еуропаға апаратын дәлізді дамыту жалғасуда және Орталық Азия елдеріне контейнерлік жөнелтулерді арттыру мүмкіндігі қарастырылуда.

2021 жылы стратегиялық келісімге қол қоюдан басталған KTZ Express пен CRCT арасындағы серіктестік нақты нәтижелер беруде. Компаниялар бірге транзиттік контейнерлік тасымалдарды дамытып, процестерді оңтайландырады және тасымал көлемін арттыруға арналған жаңа бағыттар ашады.