KTZ Express «FAWorit Auto» ЖШС компаниясының көліктерін тасымалдады

KTZ Express  «FAWorit Auto» ЖШС компаниясының көліктерін тасымалдады

«FAWorit Auto» ЖШС компаниясының көліктері ҚХР-дан Қытай мен Қазақстан шекарасындағы Құрғақ портта орналасқан «KTZ Express» АҚ-ның KTZE – Khorgos Gateway терминалына теміржол бойымен келіп жетті. Көліктер әрі қарай Алматыға жеткізіледі.

 2019 жылы шығарылған FAW T80 (CA1027VA5) маркасының екі типті автомобильдері 1435 мм тар табанды жолмен Уақытша сақтау қоймасының терминалына жеткізілді. Әрі қарай, Құрғақ порттағы пандустарды қолдана отырып, көліктер вагондардан түсіріліп, уақытша сақтау қоймасына орналастырылды.

54 көлік жүктелген пойыздың қабылдау және түсіру технологиясы 3 сағат ішінде толығымен жасалды.

Жұмыс барысында санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікке ерекше назар аударылды. Жүкті өңдеу және жалпы жұмыс барысында барлық санитарлық-гигиеналық талаптар сақталды.