KTZ Express қытайлық компаниялармен бірқатар негізгі құжаттарға қол қойды

KTZ Express қытайлық компаниялармен бірқатар негізгі құжаттарға қол қойды

«KTZ Express» АҚ Бас директорының міндетін атқарушы Д.М. Қожахметов қаңтардағы Қытайға сапары аясында қытайлық жетекші көлік логистикалық компаниялармен ынтымақтастықты тереңдетуге және логистикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған бірқатар негізгі құжаттарға қол қойды.

1) Қытайдағы ең ірі логистикалық компаниямен келісім бойынша халықаралық теміржол және автомобиль көлігімен мамандандырылған China Logistics Group елдің барлық провинцияларындағы логистикалық хабтар желісін бақылайды. Келісім Транскаспий Халықаралық Көлік Бағыты (ТХКБ) бойынша тасымалдарды дамытуға бағытталған және ақпараттық жүйелерді интеграциялау туралы уағдаластықтарды қамтиды.

2) Ляньюньган - Алматы - Стамбул бағыты бойынша темір жол және авиациялық тасымалдарды қамтитын мультимодальдық сервисті әзірлеуді көздейтін Цзянсу провинциясының жетекші логистикалық компаниясы Jiangsu International Rail Freight Express -пен ынтымақтастық туралы меморандум.

«Қол қойылған құжаттар – «KTZ Express» АҚ Қытайдың түрлі провинцияларындағы өз серіктестерінің тізімін үнемі кеңейтіп отыруының жақсы мысалы. «KTZ Express» АҚ мен қытайлық серіктестердің мүмкіндіктерін біріктіру көлік ағынын дамытуға және контейнерлік тасымалдар көлемін ұлғайтуға пайда әкеледі», – деп Дамир Қожахметов құжаттарға қол қою кезінде мәлімдеді.