Назарбаев Университетіндегі дәріс: KTZ Express Басқарушы директоры компанияның стратегиялық бастамалары мен Транскаспий бағыты туралы айтты

2024 жылғы 20 қазанда Астанада Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің Executive MBA бағдарламасы аясында Дьюк университетінің құрметті профессоры және жаһандық бастамалар жөніндегі деканның орынбасары Фернандо Бернштейннің дәрісі өтті.
Шақырылған спикер ретінде KTZ Express Жаңа жобалар және маркетинг жөніндегі басқарушы директоры Әсем Мұхамедиева сөз сөйледі.
Дәрістің негізгі тақырыбы 2015 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ салған Орталық Азиядағы ең ірі «Khorgos Gateway» құрғақ портының қызметі болды. Бұл нысан өңірдің көлік дәліздерін дамытудағы маңызды буын бола отырып, Транскаспий халықаралық көлік маршрутында (ТХКБ) шешуші рөл атқарады.
Әсем Мұхамедиева KTZ Express-тің Қазақстанның көлік-логистикалық жүйесін нығайтудағы рөлі туралы толық ақпаратпен бөлісті, компанияның негізгі жобалары туралы айтып, ТХКБ қарқынды дамуына ерекше назар аударды.
Студенттер теміржол инфрақұрылымының ағымдағы және перспективалық жобалары, олардың экономикалық қайтарымы, сондай-ақ компания пайдаланатын тәуекелдерді басқару шаралары туралы сұрақтар қою арқылы үлкен қызығушылық танытты.
KTZ Express өз білімдерімен бөлісе отырып және Қазақстанда кәсіби логистиканың дамуына ықпал ете отырып, білім беру бастамаларын белсенді қолдауды жалғастыруда.