«ОТЛК» АҚ серіктестерінің кездесуі: Ынтымақтастықты нығайту және Темір жол логистикасын дамыту

«ОТЛК» АҚ серіктестерінің кездесуі: Ынтымақтастықты нығайту және Темір жол логистикасын дамыту

2024 жылғы 17 сәуірде Астанада «KTZ Express» АҚ-ның «ОТЛК» АҚ-мен жұмыс кездесуі өтті, онда жұмыс мәселелері мен алдағы кезеңдерге арналған жоспарлар талқыланды.


Келіссөздер шеңберінде тасымалдарды жүзеге асыру кезінде қытайлық және еуропалық компаниялармен өзара іс-қимыл жасау стратегиясын қалыптастыруға, сервис шарттарын жақсартуға және клиенттер үшін қосымша қызметтер жасауға ерекше назар аударылды.


Естеріңізге сала кетсек, «ОТЛК» АҚ - Қазақстан, Ресей және Беларусь темір жол әкімшіліктері құрған бірлескен кәсіпорын.


Бүгінде «ОТЛК» АҚ трансеуразиялық теміржол контейнерлік тасымалдарының көшбасшысы болып табылады, Қытаймен шекарадан Еуропамен шекараға дейін ең ұзын учаскеде жүктерді тасымалдау бойынша кешенді қызметтер көрсетеді.


Өткізілген кездесу теміржол логистикасы саласындағы негізгі ойыншылар арасындағы серіктестіктің маңыздылығын ғана емес, сонымен қатар клиенттер үшін сервистерді ұдайы дамыту мен жетілдіруге ұмтылысын да растады.