Ақтау портының транзиттік әлеуетін дамытудағы жаңа кезең

2025 жылғы 16 маусымда «KTZ Express» АҚ, «НК «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» АҚ және YXE Trading Service Group компаниялары арасында үшжақты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Салтанатты рәсім «Қытай – Орталық Азия» индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі II Форум аясында, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен өтті.
Аталған келісім аясында тараптар Ақтау портының терминалдық қуаттарын дамыту жобаларына назар аударады. Атап айтқанда, желдің күші жоғары жағдайларда жүк өңдеу жылдамдығын арттыру үшін жоғары технологиялы STS-крандарға бірлескен инвестиция салу жоспарлануда.
Меморандумға қол қою — ағымдағы жылдың сәуір айында қол жеткізілген уағдаластықтардың қисынды жалғасы болып табылады. Бұл құжат барлық тараптардың Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін нығайтуға және «Бір белдеу, бір жол» бастамасын одан әрі дамытуға берік ниетті екенін айғақтайды.