KTZ Express Қытай – Қазақстан – Өзбекстан бағыты бойынша жүктерді жедел жеткізуді жүзеге асырды

Ағымдағы жылдың 27 шілдесінде контейнерлік пойыз Қазақстан-Қытай терминалынан Сиань (Қытай) портына жөнелтіліп, рекордтық 5 тәулік ішінде 4 486 км жолды еңсеріп, соңғы нүктеге – Ташкент станциясына жетті.
Жүкті тасымалдаудың қысқа мерзімі "KTZ Express" АҚ-ның контейнерлік пойыз жүрісінің барлық кезеңдерінде толық сүйемелдеуінің, маршрутқа қатысушы елдердің үйлесімді жұмысының, сондай-ақ Қытай, Қазақстан және Өзбекстан теміржол әкімшіліктерінің дамыған көліктік-логистикалық инфрақұрылымының арқасында қамтамасыз етілді.
Бұл сервис екі елдің көлік-логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге және әріптестігін тереңдетуге елеулі серпін береді, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықтың Қытай-Қазақстан-Өзбекстан бағытына қызығушылығын оятады.