ТХКБ: KTZ Express транзитті арттырады

ТХКБ: KTZ Express транзитті арттырады

ТХКБ-да ұйымдастырылған KTZ Express тұрақты сервисі шеңберінде, ағымдағы жылдың қаңтар айында, Қытайдан (Сиань, Чунцин, Иву қалалары) Әзірбайжанға (Апшерон станциясы), Түркияға (Стамбул), Грузияға (Поти, Тбилиси, Батуми) Қазақстан аумағы арқылы 10 контейнерлік пойыз жөнелтілді.

«Қаңтардағы» тасымалдардың тауарлық құрылымы жеңіл автомобильдерді, қосалқы бөлшектерді, металл бұйымдар мен құрылыс материалдарын қамтиды. Бұл сервистің ерекшелігі, бекітілген кесте бойынша нақты жүру болып табылады, оған сәйкес пойыздар аптасына үш рет жөнелтіледі. Маршруттың орташа өту мерзімі құрлықтағы бөлігі бойынша 12-15 күнді құрайды, бұл жүктердің жедел және сенімді жеткізілуін қамтамасыз етеді.

Ескере кетсек, ағымдағы жылы Орта дәліз бойынша тасымалдау көлемі оң динамиканы көрсетіп, клиенттердің KTZ Express қызметтерінің сапасына сенімін айғақтайды.