COSCO Shipping

Ағымдағы жылдың 15 мамырында Нұр-Сұлтан қаласында XII Астана экономикалық форумының аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев пен China Cosco Shipping Corporation Limited Компаниясы басқарма төрағасы Сю Лиронгтің арасындағы кездесу өтті.
Келіссөздербарысында көлік және логистика саласындағы өзара әрекет етуді кеңейту мәселелері талқыланды. «Сәтті ынтымақтасу үшін ары қарай барлық қажетті жағдайлар жасалады. Сіз біз үшін өте маңызды әріптессіз. Енді біз біріге жұмыс істеп, жүктерді жеткізу пункттеріне жеткізуді жақсартумен жұмыс істесуде белсенді қызмет еткіміз келеді»,- деп атап өтті Сауат Мыңбаев. Сю Лиронг сондай-ақ көлік-логистикалық инфрақұрылымды, континентаралық бағдар бойынша жүк тасымалдауларды дамытуға бағытталған біріккен жұмыстың нәтижелілігі мен ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін атап өтті.
Тараптар Қазақстан аумағы арқылы өтетін Қытай-Еуропа-Қытай бағдарындағы контейнерлік сервисті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау бойынша бірлескен белсенді жұмысты жалғастыруға уағдаласты. 2019 жылдың төрт айында Қазақстан арқылы Қытай мен Еуропа арасындағы контейнерлік тасымал көлемі 93, 2 мың ЖФЭ-ді құрады, бұл 2018 жылдың осы кезеңдегі көрсеткішінен 40%-ға жоғары. Ғаламдық логистикалық тізбектерге ықпалдасуға, қосымша контейнерлік ағындарды тартуға, қазақстандық көлік-логистикалық инфрақұрылымды пайдалана отырып трансконтинентальдық тасымалдарды дамытуға мүмкіндік беретін стратегиялық серіктестік ретінде COSCO Shipping компаниясымен және Khorgos Gateway құрғақ портында Ляньюньган портымен біріккен кәсіпорынды дамытудағы өзара іс-қимылдың сәттілігі атап өтілді. Кездесуде Қазақстан тарапы Қытай делегациясын Каспий теңізі бойынша фидерлік кемелермен контейнерлерді тасымалдауды ұйымдастыру туралы хабардар етті.
Кездесу қорытындысы бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Cosco China Shipping Corporation Limited арасында Өзара түсіністік туралы стратегиялық меморандумға қол қойылды.