ҚР, РФ және ҚХР арасындағы e-commerce саласындағы байланыстарды нығайту

2024 жылғы 27 қарашада Уфа қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы мемлекеттерінің басшылары деңгейінде өңіраралық ынтымақтастықтың XX мерейтойлық форумы шеңберінде, электрондық коммерция саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Келісімге «KTZ Express» АҚ, қытайлық Polyking New Horizons Technology Industry Co., Ltd. компаниясы, және ресейлік «Славтранс-Сервис» АҚ қатысты.
Құжат Қытай–Қазақстан–Ресей бағытындағы логистикалық процестерді жетілдіруді қоса алғанда, электрондық коммерция саласындағы инновациялық шешімдерді бірлесіп әзірлеуді және енгізуді көздейді. Бұл келісім трансшекаралық саудаға қатысушылар үшін жаңа көкжиектер ашып, электрондық коммерция нарығының серпінді дамуына ықпал ете отырып, Қазақстан, Ресей және Қытай арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтады.
Бұл құжат Мәскеу облысында Селятино станциясында орналасқан crk terminal бірлескен кәсіпорны негізінде дамып келе жатқан сәтті серіктестіктің логикалық жалғасы болды.
«Біз қазақ және қытай серіктестерімен бірлесіп, заманауи ортаның жаңа сын-қатерлеріне сәйкес келуге тырысамыз. Біздің ынтымақтастығымыз шеңберінде әзірленген бірыңғай цифрлық платформа жүк туралы вагон нөмірі мен сипаттамалары сияқты дәстүрлі деректерді ескеріп қана қоймай, сонымен қатар Қытай кеденінен маңызды ақпаратты қазақ, содан кейін ресейлік кеденге беруге мүмкіндік береді. Бұл бір көлік партиясында мыңдаған жеке тауар позициялары болуы мүмкін e-commerce форматында тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті П. Ю. Стрепков , «Славтранс-Сервис» АҚ Бас директоры