«KTZ Express» АҚ Translogistica Kazakhstan 2024 халықаралық көрмесіне қатысуды сәтті аяқтап, жаңа келісімдерге қол қою арқылы нарықтағы өз позициясын нығайтты.

«KTZ Express» АҚ Translogistica Kazakhstan 2024 халықаралық көрмесіне қатысуды сәтті аяқтап, жаңа келісімдерге қол қою арқылы нарықтағы өз позициясын нығайтты.

2024 жылғы 9-11 қазан аралығында Астанада ірі салалық көрмелердің бірі өтті, онда KTZ Express ынтымақтастықты кеңейтуге және дамытуға бағытталған негізгі серіктестермен бірқатар кездесулер өткізді.


Қол жеткізілген келісімдердің ішінде Еуропадағы жетекші интермодальдық тасымалдаушы — австриялық Bahnoperator Austria GmbH компаниясымен меморандум ерекше маңызды.


Құжат шеңберінде тараптар Констанца портындағы терминалдық инфрақұрылымды жаңғырту туралы, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы Қытай – Еуропа – Қытай бағыты бойынша көлік қызметін жақсарту жөніндегі ынтымақтастықты кеңейту туралы уағдаласты.


KTZ Express іс-шараға белсенді қатысқаны үшін серіктестерге алғысын білдіреді.