Транскаспий бағдары бойынша жүк ағынын арттыруға бағытталған келісімге Нұр-Сұлтан қаласында қол қойылды

Транскаспий бағдары бойынша жүк ағынын арттыруға бағытталған келісімге Нұр-Сұлтан қаласында қол қойылды

Ағымдағы жылдың 24-25 маусымында Нұр-Сұлтан қаласында Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытуға бағытталған Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырыстары және «ТХКБ» Халықаралық ассоциациясының жалпы отырысы өтті.


Жалпы жиналыс барысында ТХКБ-ға жүктерді тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру, контейнерлік тасымалдауларды дамыту, бағдар бойынша қолайлы тарифтік шарттарды жасау туралы мәселелер талқыланды. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы «ТХКБ» МА» Сауат Мыңбаев пәрменді шаралар қолдану жөніндегі әлеуетін пайдаланудың,Транскаспий дәлізінің маңыздылығын атап өтті. «Біздің бағыт бойынша жүк ағынын арттыру бойынша жұмысты жандандыру қажет. Қабылданған шешімдер дәліздің жаңа қатысушыларын тартуға ықпал етуі тиіс», - деді С. Мыңбаев. Ірі көлік-логистикалық компаниялардың осы халықаралық дәлізге қажеттілігі артады. Атап айтқанда, «ТХКБ» қауымдастығына «Астық-Транс» АҚ кіреді, оның негізгі қызмет түрі мамандандырылған жылжымалы құраммен операция жасау, астық тасымалдау бойынша көліктік-экспедиторлық қызмет көрсету болып табылады.

Отырыс қорытындысы бойынша «Транскаспий халықаралық көлік бағдары» ХА» ЗТҰ жалпы жиналысының хаттамасына қол қойылды. Іс-шара шеңберінде «ТХКБ» ассоциациясының басшылары- тұрақты мүшелері «Каспий теңізі порттары (Ақтау, Баку (Алят) арасындағы фидерлік кемелердің қатысуымен тікелей теміржол - су қатынасындағы контейнерлік тасымалдауды ұйымдастыру туралы келісімге», «ТХКБ бағыты бойынша контейнерлік пойыздардың құрамында жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру кезінде өзара іс-қимыл және жеткізу мерзімдерін сақтамағаны үшін жауапкершілік шаралары туралы келісімге» қол қойды.