"Шаттл" пойыздардың артықшылықтары
Біз клиенттерге вагондардың болуы мен тауар жеткізілуін жоспарлауды қамтамасыз ететін жүрдек «шаттл» пойыздарда тұрақты негізде жүктер тасымалын ұсынамыз.
- «Шаттл» пойыздардың артықшылықтары:
- тәулігіне 800-1000 км аралығындағы жоғары жылдамдық;
- Алматы-1 стансасынан аптаның сейсенбі-сенбі күндері аралығында пойыздардың тұрақты жүруі;
- пойыздардың бағдар бойындағы стансаларда сұрыпталмай жылжуы;
- вагондарды кесте бойынша жүретін пойыздардың құрамына қосуға бағытталған икемді тарифтер;
- экспедиторлық компанияның, яғни жүк жөнелтушілердің кодтарына сәйкес жүк ақысын төлеу арқылы вагондарды қосу мүмкіндігі.
- «Шаттл» пойыздарда жүк тасымалдау тарифтерін www.ktze.kz сайтында «Тарифтер» бөлімінен біле аласыз.