Қытайдан Ауғанстанға алғашқы темір жол бағыты ұйымдастырылды

Қытайдан Ауғанстанға алғашқы темір жол бағыты ұйымдастырылды

2025 жылдың 10 ақпанында «KTZ Express» АҚ Қытайдағы контейнерлік теміржол тасымалының жетекші операторы – China Railway Container Transport Co., Ltd. (CRCT)  -мен бірлесіп Қытай Халық Республикасы мен Ауғанстан Ислам Республикасы арасында жүк тасымалы үшін жаңа теміржол бағытын белгіледі.


Жол Қытай, Қазақстан, Өзбекстан және Ауғанстан арқылы өтеді. Жүк пойыздары «Қорғас» бақылау-өткізу бекеті арқылы Қытай шекарасын кесіп өтіп, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы (Алтынкөл стансасы), одан әрі Өзбекстан Республикасы арқылы (Галаба стансасы) жүріп өтіп, соңғы межелі пунктке – Хайратан қаласына (Ауғанстан) шамамен 12-15 күнде жетеді.


Маршрут Туаньцзецүн станциясынан (Чунцин, Қытай) жолға шыққан алғашқы жүк пойызымен іске қосылды. Құрамға телекоммуникациялық жабдықтары бар 55 контейнер кіреді.


Бұл бағыттың ашылуы Қазақстанның халықаралық ТрансАуған көлік дәлізіндегі стратегиялық транзиттік хаб ретіндегі шешуші рөлін нығайтады.