Тбилисиде «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Нұрлан Сауранбаевтың төрағалығымен «Транскаспий халықаралық көлік бағыты» халықаралық ассоциациясының кезекті отырысы өтті.

⠀ Жиынға Грузия, Түркия, Әзірбайжан және Қазақстанның темір жол әкімшіліктері, кеме қатынасы компаниялары мен порттарының басшылары қатысты. ⠀ 2022 жылдың 9 айында Транскаспий бағыты бойынша жүк тасымалдау көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2,7 есеге артып, 1 миллион 84 мың тоннаны құрағаны атап өтілді. Өсудің үлкен үлесі экспортқа тиесілі. Бағыт бойынша Қазақстаннан экспорттық тасымалдар көлемі 7,9 есеге өсті. ⠀ Кездесу соңында қатысушылар Орта дәліз бойынша контейнерлік тасымалдың одан әрі өсуін және бағыт бойынша қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін бірқатар шараларды әзірледі.