«KTZ Express» АҚ басшылығы Сиань қаласының мемлекеттік логистикалық тұғырнамаларымен және Қытай темір жолының еншілес компаниялары CRIMT мен CRCT басшылығымен бірқатар келіссөздер жүргізді

Кездесу барысында, аталған тараптар 2019 жылдағы серіктестік нәтижелерін қорытындылап, 2020 жылға арналған Қытай-Еуропа-Қытай, Қытай-Орталық Азия-Қытай, Қытай-ТМТМ-Қытай бағыты бойынша контейнерлік тасымал жоспарларын талқылады. Сонымен қатар, Қазақстан аумағы арқылы Қытай-Ресей/Белоруссия-Қытай бағытымен 2020 жылға жоспарланған контейнерлік тасымал өсімі талқыға салынды.Айта кетерлік жайт, «KTZ Express» АҚ серіктестері баламалы бағыттармен салыстырғанда Қазақстан аумағы арқылы жүзеге асырылған тасымалдың өсу серпіні оңтайлы екенін айқындады. «Транс-Қазақстан бағыты тасымалының өсу деңгейі бірінші кезекте қолайлы тарифтік шарттарға, сонымен қатар «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ компаниялар шоғырымен атқарылып жатқан жоғары сапалы қызмет көрсетуге негізделген», - деді «KTZ Express» Бас директорының сату жөніндегі орынбасары М.Ахметжанова.Қорытындылай келгенде, тараптар 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылда транзиттік контейнер тасымалын 15-20%-ға арттыруды көздеп, тиімді өсу серпініне бағыттап отыр.