Шаньси провинциясынан Әзербайжанға ТМТМ бағыты бойынша алғашқы контейнерлік пойыз жөнелтілді
.jpg&w=2048&q=75)
📅 2025 жылғы 9 шілде
📍 Цзиньчжун – Ақтау – Баку
KTZ Express Шаньси (ҚХР) провинциясынан Әзербайжанға Транскаспий халықаралық көлік маршруты (ТМТМ) бойынша алғашқы контейнерлік пойыздың мультимодальды тасымалын жүзеге асырды.
1150 тоннадан астам күн панельдері тиелген 50 стандартты контейнерден тұратын құрам Цзиньчжун қаласындағы «Чжундин» логистикалық орталығында жасақталып, жөнелтілді. Пойыз Қазақстан аумағы арқылы Ақтау портына жеткізіліп, одан әрі Әзербайжанға теңіз жолымен тасымалданды.
Солтүстік Қытайдан ТМТМ бағыты бойынша жаңа маршруттың іске қосылуы ТМТМ-ның тиімді балама ретінде артып келе жатқан маңызын және Қазақстанның еуразиялық логистикадағы негізгі транзиттік буын ретіндегі рөлін айқындайды.
KTZ Express Қытайдан ТМД, Кавказ, Түркия және Еуропа елдеріне жүк жеткізудің сенімді және жедел мультимодальды шешімдерін дамытуда.